Laptop User's Guide - Windows 8
Компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына жалғаған кезде мына жағдайлар орын алады:
●
Батарея зарядтала бастайды.
●
Компьютер қосылып тұрса, хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткіші белгішесінің түрі
өзгереді.
Сыртқы айнымалы ток қуатын ажыратқан кезде мына жағдайлар орын алады:
●
Компьютер батарея қуатына көшеді.
●
Батарея зарядын сақтау үшін экранның жарықтығы автоматты түрде азаяды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру
Айнымалы ток қуатына жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
● Компьютер қосылмайды.
● Экран қосылмайды.
●
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру үшін:
ЕСКЕРІМ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге
қатысты қолданылады.
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
4. Компьютерді қосыңыз.
●
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
●
Егер қуат шамдары сөніп тұрса, айнымалы ток адаптері жұмыс істемейді жəне оны
ауыстыру қажет.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат
алу үшін қолдау
қызметімен байланысыңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану 57