Laptop User's Guide - Windows 8
Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек
таңдаулы үлгілер)
Кейбір компьютерлер ауыспалы графикалық режимдер немесе қосарлы графикалық
режимдермен жабдықталған.
●
Ауыспалы графикалық режимдер — AMD™ жəне Intel екеуі арқылы қолданылады. Егер
компьютеріңізде AMD динамикалық ауыспалы графикалық режимдер болса,
құрылғыңызда тек ауыспалы графикалық режимдер ғана қолданылады.
●
Қосарлы графикалық режимдер — тек AMD арқылы қолданылады. Егер компьютеріңізде
AMD Radeon қосарлы графикалық режимдер болса, құрылғыңызда тек қосарлы
графикалық режимдер ғана қолданылады.
ЕСКЕРІМ: Қосарлы графикалық режимдер DirectX 10-шы немесе 11-ші нұсқасы
қолданылатын толық экранды құрылғыларда ғана іске қосылады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ауыспалы графикалық режимдер немесе қосарлы графикалық
режимдердің қайсысын қолданатындығын анықтау үшін, ноутбугіңіздің графикалық
процессорының конфигурациясын қараңыз. Intel HR орталық процессорлары жəне AMD Trinity
сериялы өнімділігі жылдамдатылған процессорлары ауыспалы графикалық режимдерді
қолдайды. AMD Trinity сериялы A6, A8 жəне A10 өнімділігі жылдамдатылған процессорлары
қосарлы графикалық режимдерді қолдайды. AMD Trinity сериялы A4 өнімділігі жылдамдатылған
процессорлары қосарлы графикалық режимдерге қолдау көрсетпейді.
Ауыспалы графикалық режимдер мен қосарлы графикалық режимдердің екеуі де графиканы
өңдейтін екі режимді ұсынады:
● Жұмыс режимі — бұл режимде бағдарламалар оңтайлы өнімділікпен жұмыс атқарады.
●
Қуат үнемдеу режимі — бұл режим батареяның қызмет ету мерзімін сақтайды.
AMD графикалық режимдер параметрлерін басқару үшін
1. Windows жұмыс үстелінде тінтуірдің оң жақ түймешігін басып, Catalyst басқару орталығын
ашыңыз жəне Настроить
переключаемые графические режимы (Ауыспалы графикалық
режимдердің параметрлерін реттеу) пəрменін таңдаңыз.
2. Электропитание (Қуат) қойыншасын нұқып, Переключаемые графические режимы
(Ауыспалы графикалық режимдер) пəрменін таңдаңыз.
Ауыспалы графикалық режимдерді пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Ауыспалы графикалық режимдер жұмыс режимі мен қуат үнемдеу режимі арасында ауысуға
мүмкіндік береді. Ауыспалы графикалық режимдер Windows 7 Professional, Windows 7 Home
Premium жəне Windows 7 Home Basic амалдық жүйелерінде ғана қолданылады.
Ауыспалы графикалық режимдер параметрлерін басқару үшін
1. Windows жұмыс үстелін оң жақ түймешікпен басып, Настроить переключаемых
графических режимов (Ауыспалы графикалық режимдердің параметрлерін реттеу)
пəрменін таңдаңыз.
2. Электропитание (Қуат) қойыншасын нұқып, Переключаемые графические
режимы
(Ауыспалы графикалық режимдер) пəрменін таңдаңыз.
58 Бап 6 Қуатты басқару