Laptop User's Guide - Windows 8
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар
Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын
пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Таңдамалы сандық карталар ақпаратты қауіпсіз сақтау жəне қолайлы ортақ пайдалану
мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта
компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
Компьютеріңіз қолдау көрсететін сандық карта пішімдерін анықтау үшін,
Компьютермен
танысу 4-бетте бөлімін қараңыз
Сандық картаны салу
ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін оны салған кезде, қатты
күшпен итермеңіз.
1. Сандық картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары, ал қосқышын компьютерге қаратыңыз.
2. Картаны медиа картаны оқу құрылғысына салып, нық отырғанша үстінен басыңыз.
Құрылғы анықталғанда дыбыс естіледі жəне параметрлер мəзірі көрінуі мүмкін.
60 Бап 7 Сыртқы карталар мен құрылғылар