Laptop User's Guide - Windows 8

8 Дискілер
Дискілерді ұстау
ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск
жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар
қолданылатын үрдістерде қамтылған.
Мына ескертулерді қарап шығыңыз:
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып,
экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
Дискіні қолданбас бұрын оның боялмаған метал бетiне саусағыңызды тигізу арқылы
статикалық электр қуатын төмендетіңіз.
Алынбалы дискідегі немесе компьютердегі қосқыш істікшелерге қолыңызды тигізбеңіз.
Дискіні абайлап
ұстаңыз, оны құлатуға немесе оның үстіне заттар қоюға болмайды.
Дискіні шығарып алмастан немесе салмастан бұрын компьютерді өшіріңіз. Егер компьютер
сөндірулі немесе ұйқылық күйде екендігіне сенімді болмасаңыз, компьютерді қосып,
амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
Дискіні арнайы саңылауға салғанда шамадан тыс күшпен итермеңіз.
Оптикалық жинақтағыш диск жетегі дискіге жазып жатқанда компьютердің пернетақтасын
басуға
немесе компьютерді жылжытуға болмайды. Жазу үрдісі тербелістерге сезімтал
болады.
Батарея жалғыз қуат көзі болса, ақпарат құралдарына жазбастан бұрын, зарядының
жеткілікті екенін тексеріңіз.
Дискінің өте жоғары немесе өте төмен температура мен ылғалдылықта қолданылмауын
қадағалаңыз.
Дискіге сұйықтықтар тимеуін қадағалаңыз. Дискіге тазалау құралдарын сеппеңіз.
Дискіні диск салынатын жерден шығарып алмастан бұрын немесе бірге
алып жүрер,
поштамен бір жаққа жіберер немесе сақтап қояр алдында оның ішіндегі медиа құралын
алып тастаңыз.
Дискіні поштамен жіберу керек болса, оны қабыршықты мөлдір қалтаға немесе басқа
сынудан қорғайтын орауышқа салып, сыртына «СЫНҒЫШ» деген жапсырма
жабыстырыңыз.
Дискінің магниттік өрістердің əсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар
қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен
қауіпсіздік
64 Бап 8 Дискілер