Laptop User's Guide - Windows 8
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу
Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге
кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз.
1. Қызмет көрсетуге арналған есікті жабу үшін, оның ілгектерін компьютердегі кетіктермен
туралатындай етіп еңкейтіңіз (1), одан кейін есікті батарея ұясына қарай итеріңіз (2).
ЕСКЕРІМ: Босату ысырмалары қызмет көрсетуге арналған есікті өз орнына
орналастырады (3).
2. Қажет болса, қауіпсіздік бұрандасын (4) орнына салыңыз. Қауіпсіздік бұрандасы туралы
қосымша ақпарат алу үшін,
Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 66-бетте бөлімін
қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келсе, ол қызмет көрсетуге
арналған есіктің астында сақталады.
3. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 53-бетте қараңыз).
68 Бап 8 Дискілер