Laptop User's Guide - Windows 8

4. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу
немесе қайта қою 67-бетте бөлімін қараңыз).
5. Қажет болса, қауіпсіздік бұрандасын орнына салыңыз. Қауіпсіздік бұрандасы туралы
қосымша ақпарат алу үшін,
Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 66-бетте бөлімін
қараңыз.
6. Батареяны қайта салыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 53-бетте бөлімін қараңыз).
7. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
8. Компьютерді қосыңыз.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді пайдаланғанда қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Дискіні
дефрагментациялау құралы амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін қатты дискідегі бөлініп
қалған файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді.
ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс істету
қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы жұмысын бастаған кезде ол қадағалаусыз жұмыс істей
береді. Қатты дискінің көлеміне жəне бөлініп қалған файлдар саына байланысты дискіні
дефрагментациялауға бір сағаттан артық уақыт кетуі мүмкін. Оны түнде немесе компьютерді
қолдану керек емес басқа уақытта жасауға болады.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын
айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолман жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу үшін:
1. Компьютерді айнамалы ток көзіне қосыңыз.
2. Бастау экранында диск деп теріп, Параметры (Параметрлер) жəне Дефрагментация и
оптимизация дисков (Дисктерді дефрагментациялау жəне оңтайландыру) пəрмендерін
таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін дискіні дефрагментациялау
бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін дискіні
тазалау құралы қатты дискіден еш қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу үшін:
1. Бастау экранында диск деп теріп, Параметры (Параметрлер) жəне Освобождение
места на диске за счет удаления лишних файлов (Қажетсіз файлдарды жою арқылы
дискіде орын босату) пəрмендерін таңдаңыз
.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қатты дискілерді пайдалану 73