Laptop User's Guide - Windows 8
HP 3D DriveGuard бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP 3D DriveGuard бағдарламасы келесі шарттардың кез келгенінде дискіні қауіпсіз тоқтату жəне
ақпарат сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды:
●
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
● Батарея қуатымен істеп тұрған компьютерді дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз.
Осы оқиғалардың бірі аяқталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, HP 3D DriveGuard қатты дискіні
қалыпты жұмысына қайтарады.
ЕСКЕРІМ: Қатты күйдегі дискілердің (SSD) қозғалмалы бөлшектері болмағандықтан, HP 3D
DriveGuard құралын қолданудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРІМ: Негізгі немесе қосымша қатты диск ұясындағы қатты дискілерді HP 3D DriveGuard
құралы қорғайды. Қосымша қондыру құрылғыларына орнатылған немесе USB порттарына
жалғанған қатты дискілерді HP 3D DriveGuard құралы қорғамайды.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау
Компьютердегі қатты диск шамы бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша қатты диск
ұясындағы (тек таңдаулы үлгілерде) дискінің қауіпсіз позицияға орнатылғанын көрсету үшін
түсті өзгертеді. Дискілердің қазіргі уақытта қорғалып тұрғанын немесе дискінің қауіпсіз
позицияға орнатылғанын анықтау үшін, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы белгішені басыңыз.
●
Бағдарламалық құрал қосылған жағдайда, қатты диск
белгішесінің үстінен баттасып жасыл
құсбелгісі шығады.
●
Бағдарламалық құрал өшірілген жағдайда, қатты диск белгішесінің үстінен баттасып қызыл
Х белгісі шығады.
●
Диск қауіпсіз орналастырылғанда, қатты диск белгішесінің үстінен баттасып сары ай белгісі
шығады.
Хабарландыру аймағындағы белгіше қосылмаған болса, қосу үшін келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Бастау экранында управление (басқару) деп жазып, одан кейін Панель управления
(
Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) > HP 3D DriveGuard параметрін
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы жазбасын басқару функциясымен сұрақ қойылса, Иə түймешігін
басыңыз.
3. Значок на панели задач (Тапсырмалар тақтасындағы белгіше) жолынан Отображать
(Көрсету) пəрменін таңдаңыз.
4. OK түймешігін басыңыз.
74 Бап 8 Дискілер