Laptop User's Guide - Windows 8
Оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалану
Компьютерде ішкі оптикалық жинақтағыш диск болмаса да, бағдарламалық құралды оңай
ашуға да, бағдарламаларды орнатуға да, желідегі басқа компьютерге жалғанған оптикалық
жинақтағыш дискіні ортақ пайдалануға да болады. Ортақ пайдалану дискілері — бір
компьютерге салынған дискіні сол желідегі басқа компьютерлердің пайдалануына жол беретін
Windows амалдық жүйесінің мүмкіндігі.
ЕСКЕРІМ: Оптикалық диск жетегін ортақ пайдалану үшін желі қажет. Желінің параметрлерін
орнату туралы қосымша ақпаратты
Желіге қосылу 23-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: DVD фильмдері жəне ойындар дискілері сияқты кейбір дискілердің көшірмесі
жасалмайтын етіп қорғалған болуы мүмкін, сондықтан DVD немесе ықшам дискілері ортақ
пайдаланылмайды.
Бірлесіп пайдаланылатын оптикалық дискі бар компьютерде оптикалық дискіні ортақ пайдалану
үшін мына əрекеттер орындаңыз:
1. Бастау экранында windows деп теріп, Проводник Windows (Windows жетектеушісі) жəне
Компьютер пəрмендерін таңдаңыз.
2. Ортақ пайдалану қажет оптикалық жинақтағыш дискіні тінтуірдің оң жақ түймешігімен
басып, Свойства (Сипаттар) параметрін таңдаңыз.
3. Общий доступ (Ортақ пайдалану) қойыншасын таңдап, Дополнительный общий доступ
(Қосымша
ортақ пайдалану) параметрін таңдаңыз.
4. Общий доступ к папке (Қалтаны ортақ пайдалану) жанына құсбелгі қойыңыз.
5. Имя общего ресурса (Ортақ ресурстың аты) мəтін ұясына оптикалық диск жетегінің атын
енгізіңіз.
6. Применить (Қолдану) түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
7. Ортақ оптикалық дискті көру үшін, бастау экранында сеть (желі) деп теріп, Параметры
(Параметрлер) пəрменін
нұқып, көрсетілген параметрлер ішінен таңдаңыз.
80 Бап 8 Дискілер