Laptop User's Guide - Windows 8
9 Қауіпсіздік
Компьютерді қорғау
Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows
жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі
қауіптерден қорғауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл
сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңізді жөндеуге жібермес бұрын, барлық құпия файлдардың көшірмесін
жасап алып, өшіріңіз жəне барлық құпия сөздерді алып тастаңыз.
ЕСКЕРІМ: Осы тарауда сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіз Computrace құралын қолдайды, бұл онлайн қауіпсіздікке негізделетін
қадағалау жəне қалпына келтіру қызметі кейбір аймақтарда қолжетімді болады. Егер
компьютер ұрланған болса, рұқсаты жоқ пайдаланушы Интернетке кіргенде Computrace құралы
компьютердің ізін қадағалай алады. Computrace құралын пайдалану үшін, бағдарламалық
құралды сатып алып, қызметке жазылуыңыз тиіс. Computrace бағдарламалық құралына
тапсырыс беру туралы ақпарат алу үшін,
http://www.hpshopping.com НР веб-торабына өтіңіз.
ЕСКЕРІМ: Егер компьютерге веб-камера орнатылған немесе жалғанған болса жəне Face
Recognition (Бет тану) бағдарламасы орнатылған болса, компьютерді пайдалану оңайлылығы
мен оның қауіпсіздігін бұзу қиыншылығын реттеу мақсатымен Face Recognition құралының
қауіпсіздік деңгейін орнатуға болады. Ақпаратты HP ProtectTools консолімен жұмысқа кірісу
жөніндегі нұсқаулықты жəне Face Recognition бағдарламалық құралының анықтамасынан
қараңыз.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі
Компьютерді рұқсатсыз қолдану HP ProtectTools Security Manager құпия сөз, смарт-карта,
бет тану мен саусақ ізін оқу құрылғысымен бірге
пайдаланылғанда
Computer Setup қызметіне рұқсатсыз кіру (f10) Computer Setup қызметіндегі BIOS əкімшісінің құпия сөзі*
Қатты диск мазмұнына рұқсатсыз кіру Computer Setup қызметіндегі DriveLock құпия сөзі*
Оптикалық диск, дискета немесе ішкі Интернет
адаптерінен рұқсатсыз жұмыс бастау
Computer Setup қызметіндегі жүктеу параметрлерінің
мүмкіндігі*
Пайдаланушылардың есептiк жазбаларын
рұқсатсыз
пайдалану
HP ProtectTools Security Manager
Компьютерді қорғау 81