Laptop User's Guide - Windows 8
Компьютер қаупі Қорғау қызметі
Ақпаратты рұқсатсыз пайдалану
●
Желіаралық қалқан бағдарламасы
● Windows жаңартулары
●
Drive Encryption for HP ProtectTools
Computer Setup параметрлеріне жəне жүйенің басқа
идентификациялық ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup қызметіндегі BIOS əкімшісінің құпия сөзі*
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен
бірге пайдаланылады)
*Амалдық жүйе жұмыс жасамай немесе жүктелмей тұрғанда да қолданыла беретін тұрақты еске сақтау құрылғысына
негізделген Computer Setup утилитасы алдын ала
орнатылған. Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау үшін,
көрсеткі құрылғысын (TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға болады.
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа
кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін.
Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows
жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады.
●
Реттеу жəне DriveLock құпия сөздері Computer Setup қызметінде орнатылады жəне BIOS
жүйесімен басқарылады.
● Қалыпты HP ProtectTools мүмкіндіктерін қоса BIOS құралының құпия сөз арқылы қорғалуын
қамтамасыз
ету үшін, HP ProtectTools Security Manager құпия сөзі болып табылатын
енгізілген қауіпсіздік құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Енгізілген
қауіпсіздік құпия сөзі енгізілген қосымша қауіпсіздік чип картасымен бірге пайдаланады.
●
Windows құпия сөздері тек Windows амалдық жүйесінде орнатылады.
●
Computer Setup қызметінде орнатылған BIOS əкімшілік құпия сөзін ұмытсаңыз, утилитаға
кіру үшін HP SpareKey қызметін қолдануға болады.
●
DriveLock пайдаланушы құпия сөзін ұмытсаңыз жəне DriveLock басты құпия сөзі
Computer
Setup қызметінде орнатылған болса, құпия сөздермен қорғалған қатты диск құлыпталып,
қолданысқа жарамай қалады.
Computer Setup жəне Windows қауіпсіздік мүмкіндіктері үшін бір құпия сөзді пайдалануға
болады. Бірнеше Computer Setup мүмкіндігіне де бір құпия сөзді қолдануға болады.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін келесі кеңестерді орындаңыз.
●
Құпия сөздерді жасаған кезде бағдарламамен қойылған талаптарды орындаңыз.
● Құпия сөздерді жазып
алып, оларды компьютерден алыс қауіпсіз жерге сақтаңыз.
● Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтауға болмайды.
Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшілік құпия сөздерінің тізімі жəне
олардың функцияларының сипаттамасы берілген.
82 Бап 9 Қауіпсіздік