Laptop User's Guide - Windows 8
3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change
Password (Құпия сөзді өзгерту) тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз.
4. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді теріңіз.
5. Нұсқау берілгенде, растау үшін, жаңа құпия сөзді қайта теріңіз.
6. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелерінің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтау
жəне шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
BIOS əкімші құпия сөзін жою
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін
басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change
Password (Құпия сөзді өзгерту) тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз.
4. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді теріңіз.
5. Жаңа құпия сөз сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін басыңыз.
6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ
) жауабын таңдаңыз.
7. Жаңа құпия сөз қайта сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін басыңыз.
8. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелерінің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтау
жəне шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі
компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу
BIOS administrator password (BIOS əкімші құпия сөзі) сұралғанда, құпия сөзді теріңіз де (құпия
сөзді орнатқанда пайдаланған пернелер түрін қолданып) enter пернесін басыңыз. BIOS əкімші
құпия сөзі енгізу əрекеті 3 рет қатар сəтсіз болса, компьютерді қайта қосып, қайта енгізіп көру
керек.
Computer Setup DriveLock құпия сөзін басқару
ЕСКЕРТУ: DriveLock құралымен қорғалған қатты диск қолданысқа жарамай қалмау үшін,
DriveLock пайдаланушы құпия сөзін жəне DriveLock басты құпия сөзін компьютерден қашық
қауіпсіз жерге жазып қойыңыз. DriveLock құпия сөздерінің екеуін де ұмытсаңыз, қатты диск
құлыпталып, қолданысқа жарамай қалады.
86 Бап 9 Қауіпсіздік