Laptop User's Guide - Windows 8

DriveLock құпия сөзін енгізу
Қатты диск компьютерге салынғанын тексеріңіз (қосымша жалғау немесе сыртқы MultiBay
құрылғысына емес).
DriveLock əкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда
басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Құпия сөзі енгізу əрекеті 2 рет қатар сəтсіз болса, компьютердің жұмысын аяқтап, қайта енгізіп
көру керек.
DriveLock құпия сөзін өзгерту
Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін
ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Меңзегіш құрылғының немесе
көрсеткі пернелердің көмегімен Set DriveLock Password
(DriveLock құпиясөзін орнату) пəрменін таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
Көрсеткі пернелерінің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter пернесін басыңыз.
5. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Change Password (Құпиясөзді
өзгерту) пəрменін таңдаңыз.
6. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
7. Нұсқау берілгенде, жаңа құпия сөзді теріп, enter
пернесін басыңыз.
8. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді растау үшін, қайта теріп, enter пернесін басыңыз.
9. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелерінің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтау
жəне шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер
нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
DriveLock қорғанысын алу
Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін
ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
Құпия сөздерді пайдалану 89