The first HP laptop to run was Windows 7
Интернет қызметінің провайдері (ISP)
Интернетке қосылмас бұрын, ISP есептік жазбасын орнату керек. Интернет қызметі мен
модемді сатып алу үшін, жергілікті интернет қызметінің провайдеріне хабарласыңыз. Интернет
қызметі провайдері модемді орнатуға, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желілік кабельді
өткізуге жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі.
ЕСКЕРІМ: Интернет қызметін провайдері Интернетке кіруге пайдаланушының коды мен құпия
сөзін береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Мына мүмкіндіктер жаңа Интернет есептік жазбасын орнатуға немесе компьютерді бұрыннан
бар есептік жазбаны пайдаланатындай етіп реттеуге көмектеседі:
● Интернет қызметтері мен ұсыныстары (кейбір жерлерде бар) — бұл утилита жаңа
Интернет жазбасын жасауға жəне бар жазбаны пайдалану үшін компьютер параметрлерін
реттеуге көмектеседі. Бұл утилитаны пайдалану үшін Пуск (Бастау) > Все программы
(Барлық бағдарламалар) >
Общение и чат (Байланысу жəне чат) > Интернет (Интернетке
кіру) тармақтарын таңдаңыз.
●
Интернет провайдері беретін белгішелер (кейбір жерлерде бар)—бұл белгішелер
Windows жұмыс үстелінде көрсетілуі немесе Online Services (Желідегі қызметтер) атты
жұмыс үстелі қалтасында топталуы мүмкін. Жаңа Интернет есептік жазбасын жасау жəне
компьютерді бар есептік жазбаны пайдаланатындай етіп реттеу үшін, белгішені екі рет
түртіп, одан
кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
●
Windows жүйесінің Интернетке қосылу шебері — Windows жүйесінің Интернетке қосылу
шеберін Интернетке қосылудың төмендегі кез келген жағдайында пайдалануға болады:
◦
Интернет қызметі провайдері тіркеген есептік жазбаңыз бар болған жағдайда.
◦
Интернет есептік жазбасы болмай, Интернет қызметінің провайдерін шебердегі
тізімнен таңдау керек болған жағдайда. (Интернет қызметі провайдерлерінің тізімі
барлық аймақтарда көрсетілмеуі мүмкін
).
◦
Тізімде жоқ интернет қызметінің провайдері таңдалған жағдайда жəне таңдалған
интернет қызметінің провайдері сізге IP мекенжайы, сондай-ақ POP3 жəне SMTP
параметрлері сияқты арнайы ақпарат берген жағдайда.
Windows Интернетке қосылу шебері мен шеберді пайдалануға арналған нұсқауларды ашу
үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі
жəне Интернет) > Центр управления сетями
и общим доступом (Желілер мен ортақ
пайдалануды басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Шебер Windows желіаралық қалқанының қосылуын немесе ажыратылуын
таңдауды сұраса, желіаралық қалқанды қосу пəрменін таңдаңыз.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютерде келесі сымсыз құрылғылардың біреу немесе бірнешеуі болуы мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
● HP Мобильді кең ауқымды модулі, сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
● Bluetooth құрылғысы
24 Бап 3 Желіге қосылу