The first HP laptop to run was Windows 7
Сымсыз байланыс технологиясы туралы жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат
алу үшін, НР ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығын, анықтама жəне қолдау орталығындағы
веб-тораптар сілтемелерін жəне берілген мəліметтерді қараңыз.
Бар WLAN желісіне қосылу
1. Компьютерді қосыңыз.
2. WLAN құрылғының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан желі
белгішесін түртіңіз.
4. Керекті желіні таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе
кіру нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Жалғанатын желі көрсетілмесе, Открыть центр управления сетями и
общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пəрменін
таңдап, Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату)
түймешігін басыңыз. Мүмкіндіктер тізімі көрсетіледі. Желі іздеу жəне оған жалғану
жұмысының қолмен орындалуын немесе жаңа желі байланысының орнатылуын таңдауға
болады.
5. Соединить (Қосу) түймешігін басыңыз.
6. Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу
сұралады, бұл қауіпсіздік коды болып табылады. Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK
түймешігін басыңыз.
Жаңа WLAN желісін орнату
Қажетті жабдық:
●
Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет қызметі провайдерінен
сатып алынған жылдамдығы жоғары Интернет қызметі.
●
Сымсыз жол жоспарлағышы (бөлек сатылады) (2).
●
Жаңа сымсыз компьютер (3)
ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің кірістірілген сымсыз маршрутизаторлары бар. Модем түрін
анықтау үшін, Интернет провайдеріне хабарласыңыз.
Суретте Интернетке қосылған дайын WLAN сымсыз желісінің орнату үлгісі көрсетілген. Желі
ұлғая түскенде, Интернетке кіру мақсатында қосымша сымсыз жəне сымды компьютерлерді
желіге жалғауға болады.
Сымсыз желіге қосылу 25