The first HP laptop to run was Windows 7

4 Пернетақта жəне меңзегіш
құрылғылары
Пернетақтаны пайдалану
Үстіңгі жолдағы пернелерді анықтау
Жылдам перне fn пернесінің жəне esc пернесі немесе функционалдық пернелердің біреуінің
тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт
басыңыз.
Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f1 Ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе
бөліктерді өшіріліп, қуат үнемделеді.
Ұйқы күйінен шығу үшін қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, ұйқы күйіне өтпей тұрып, жұмысты сақтап
қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жеткенде, компьютер
күту күйіне қосылады да, жадта сақталған ақпарат қатты дискіге сақталады.
fn+f1 жылдам пернесінің функциясын өзгертуге болады. Мысалы, fn+f1 жылдам пернесімен
ұйқы күйін емес, күту күйін қосатын етіп реттеуге болады.
fn+f2 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f3 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат
алатын басқа құрылғылардағы бейнелерді де
ауыстыруы мүмкін.
Пернетақтаны пайдалану 27