The first HP laptop to run was Windows 7
Кірістірілген сандық пернетақтаны қосу жəне сөндіру
Кірістірілген сандық пернетақтаны қосу үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. Кірістірілген сандық
пернетақтаны сөндіру үшін fn+num lk пернелерін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе сан пернелерінің панелі компьютерге жалғанғанда,
кірістірілген сан пернелерінің панелі өшеді.
Кірістірілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын ауыстырып қосу
Кірістірілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын олардың стандарты пернетақта
функциялары мен сандық пернетақта функцияларының арасында ауыстырып қосуға болады.
●
Сандық пернетақта өшірулі кезде оның пернесінің сандық функциясын пайдалану үшін,
пернетақта пернесін басқан кезде fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
●
Сандық пернетақта қосулы кезде оның пернесінің стандартты функциясын
пайдалану үшін
◦
Кіші əріптермен жазу үшін, fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
◦
Бас əріптермен жазу үшін, fn+shift пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Кірістірілген сандық пернетақта пайдалану
Бөлік Сипаттама
num lk пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада шарлау жəне сандық
функциялар арасында ауысады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілген кезде белсенді болатын
пернетақта функциясы компьютер кері қосылғанда қосулы болып
қалады.
Кірістірілген сандық пернетақта Оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе
өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта ажыратылады.)
Мысалы:
●
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
●
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page
down пернелері сияқты жұмыс істейді.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін:
▲
Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы
num lk пернесін басыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
30 Бап 4 Пернетақта жəне меңзегіш құрылғылары