The first HP laptop to run was Windows 7
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу жəне орнына
салу
ЕСКЕРТУ: мəліметтердің жоғалуын немесе жүйенің жауапсыз қалуын болдырмау:
Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызда
сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат
түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы
өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу
Жад модулі, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіру үшін,
қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу үшін
1. Батареяны шығарып алыңыз (
Батарея салу немесе алып тастау 36-бетте бөлімін
қараңыз).
2. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қауіпсіздік бұрандасын (1) (пайдаланылған кезде)
шығарып алыңыз. Қауіпсіздік бұрандасы туралы қосымша ақпарат алу үшін,
Қосымша
қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 38-бетте бөлімін қараңыз.
3. Қызмет көрсетуге арналған есікті ашу үшін, қызмет көрсетуге арналған есік ысырмасын (2)
сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмаларын бір уақытта немесе
бірінен соң бірін жылжытуға болады.
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютердің алдыңғы жағына (3) қарай сырғытып, оны
(4) алыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу жəне орнына салу 39