The first HP laptop to run was Windows 7

Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
1. Жұмысты сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерді айнымалы ток розеткасынан жəне жалғанған сыртқы құрылғылардың
барлығын ажыратыңыз.
3. Батареяны шығарып алыңыз (
Батарея салу немесе алып тастау 36-бетте қараңыз).
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу жəне
орнына салу 39-бетте тарауын қараңыз).
ЕСКЕРІМ: Қатты дискіні шығарып алу жөніндегі нұсқаулар қызмет көрсетуге арналған
есікте басылған.
5. Қатты дискінің төрт бұрандасын (1) қатты дисктен шығарып алыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту 41