The first HP laptop to run was Windows 7

5. Қажет болса, қауіпсіздік бұрандасын орнына салыңыз. Қауіпсіздік бұрандасы туралы
қосымша ақпарат алу үшін,
Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 38-бетте бөлімін
қараңыз.
6. Батареяны орнына салыңыз (
Батарея салу немесе алып тастау 36-бетте бөлімін қараңыз).
7. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
8. Компьютерді қосыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Компьютерде екі жад модулі бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы
ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Екінші жад модулін қосқанда, қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей болуы керек.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
ЕСКЕРТУ: мəліметтердің жоғалуын немесе жүйенің жауапсыз қалуын болдырмау:
Жад модульдерін қоспас немесе алмастырмас бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы
тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығармаңыз.
Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат
түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы
өшіріңіз.
1. Жұмысты сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерді айнымалы ток розеткасынан жəне жалғанған сыртқы құрылғылардың
барлығын ажыратыңыз.
3. Батареяны шығарып алыңыз (
Батарея салу немесе алып тастау 36-бетте қараңыз).
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу жəне
орнына салу 39-бетте тарауын қараңыз).
5. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз:
а. Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз.
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру 45