The first HP laptop to run was Windows 7
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін
http://www.hp.com/support торабына өтіңіз.
Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
Компьютерді тазалау
●
Тазалау заттары
●
Тазалау іс реті
Тазалау заттары
Ноутбук немесе планшеттік компьютерді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін
төмендегі заттарды пайдаланыңыз:
●
Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет
қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.)
●
Шыны тазалауға арналған спиртсіз сұйықтық
●
Жеңіл сабынды ерітінді қосылған су
●
Құрғақ талшықты тазалағыш мата немесе күдері (майсыз антистатикалық мата)
●
Антистатикалық майлықтар
ЕСКЕРТУ: Мына тазалағыш заттарды пайдаланбаңыз:
Спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид сияқты қатты еріткіштер мен көмірсутектер
ноутбук немесе планшеттік компьютердің бетіне қатты зақым келтіруі мүмкін.
Қағаз сүлгі сияқты талшықты материалдар ноутбук немесе планшеттік компьютерге сызат
келтіруі мүмкін. Уақыт өткенде, кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
48 Бап 5 Техникалық қызмет көрсету