The first HP laptop to run was Windows 7

Тазалау іс реті
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды ноутбук немесе планшеттік компьютерді қауіпсіз
тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
ноутбук немесе планшеттік компьютерді тазаламаңыз:
Ноутбук немесе планшеттік компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ноутбук немесе планшеттік компьютердің бетіне тазарту заттары немесе
сұйықтықтарын тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына
əкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді спиртсіз əйнек тазалағышқа суланған жұмсақ түксіз матамен абайлап сүртіңіз.
Дисплейді жаппай тұрып, оның кебуін күтіңіз.
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, алдын ала суланған
зарарсыздандырғыш майлықты пайдаланыңыз. Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар
компьютерге сызат түсіруі мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Ноутбуктің бетін тазалау кезінде, айналдырып сүртіп ластануды жəне қоқымдарды
кетіріңіз.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау
ЕСКЕРТУ: Пернетақтадағы пернелер арасына тіпті компьютерді тазалау барысында да
ешқашан су тамызбаңыз. Бұл ішкі бөліктерді бір жолға зақымдауы мүмкін.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, спиртсіз əйнек
тазалағышқа суланған жұмсақ микроталшық матаны, электр зарядын жібермейтін майсыз
матаны (мысалы, күдері сияқты) немесе бір рет пайдаланылатын зарарсыздандырғыш
майлықты пайдаланыңыз.
Пернелердің жабысуын болдырмау жəне пернелердің астында орналасқан шаңды,
түктерді жəне қалдықтарды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей
тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне
тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
Компьютерді тазалау 49