The first HP laptop to run was Windows 7

6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Ақпаратты қорғау үшін, Windows Backup and Restore бағдарламaсымен жеке файлдардың жəне
қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін
жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде), орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы
үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу
дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін
жасаңыз. Жүйе істемей қалғанда, компьютердің
мазмұнын сақтық көшірме файлдарымен
қалпына келтіруге болады.
Windows Backup and Restore төмендегі опцияларды қамтамасыз етеді:
Орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы
оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискісін жасау
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе бейнесін жасау (тек таңдаулы үлгілерде)
Автоматты сақтық көшірме жасауды жоспарлау (тек таңдаулы үлгілерде)
Жүйені қалпына келтіру
нүктелерін жасау
Жеке файлдарды қалпына келтіру
Компьютерді алдыңғы күйіне қалпына келтіру
Қалпына келтіру құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру
ЕСКЕРІМ: Толық нұсқауларды Справка и Поддержка (Анықтама жəне қолдау) ішінен іздеңіз.
Жүйе тұрақсыз болса, HP компаниясы қалпына келтіру процедураларын басып шығаруды жəне
кейін пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынады.
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік
жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске
қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін, сізден
рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін «Справка и поддержка»
(Анықтама жəне қолдау) бөлімін қараңыз.
50 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру