The first HP laptop to run was Windows 7
Қалпына келтіру медиасын HP Recovery Disc Creator
бағдарламасы арқылы жасау
HP Recovery Disc Creator бағдарламалық құралы қалпына келтіру медиасын жасаудың
баламалы тəсілі болып табылады. Компьютердің параметрлері орнатылғаннан кейін қалпына
келтіру медиасын HP Recovery Disc Creator бағдарламасы арқылы жасай аласыз. Қатты диск
зақымданған жағдайда бұл қалпына келтіру медиасы арқылы жүйені қалпына келтіруге болады.
Жүйені қалпына келтіру кезінде бастапқы амалдық жүйе жəне зауытта орнатылған
бағдарламалық құралдар қайта орнатылады, содан кейін бағдарламалардың параметрлері
орнатылады
.
HP Recovery Disc Creator арқылы қалпына келтіруге арналған екі түрлі DVD дискісі келесі
жолмен жасалады:
●
Windows амалдық жүйесі бар DVD дискісінен қосымша драйверлер немесе
бағдарламаларды орнатпай амалдық жүйе орнатылады. Бұл опция таңдалған жағдайда,
бастапқы амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қалпына
келтіруге мүмкіндік беретін DVD дискі жасалады.
●
Драйверлері бар DVD дискісінен HP Software Setup бағдарламасының драйверлер мен
бағдарламаларды орнататын сияқты жолымен
арнайы драйверлер мен бағдарламалар
ғана орнатылады.
Қалпына келтіру медиасын жасау
ЕСКЕРІМ: Амалдық жүйені қалпына келтіру медиасын бір рет қана жасауға болады. Одан
кейін медианы жасау мүмкін емес.
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > HP > HP Recovery Disc
Creator тармақтарын таңдаңыз.
2. Driver DVD (Драйверлері бар DVD дискісі) немесе Windows DVD (Windows амалдық
жүйесі бар DVD дискісі) мүмкіндігін таңдаңыз.
3. Қалпына келтіру дискісіне жазатын диск жетегін ашылмалы мəзірден таңдаңыз.
4. Жазу үрдісін бастау үшін Burn (Жазу) түймешігін басыңыз.
Қалпына келтіру медиасын HP Recovery Disc Creator бағдарламасы арқылы жасау 51