The first HP laptop to run was Windows 7
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. Амалдық жүйеңіздің сақтық көшірмесін жасау үшін HP Recovery Disc
Creator жəне орнатылған оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша
сыртқы оптикалық диск жетегі арқылы жүйені қалпына келтіру дискілерін (тек таңдаулы
үлгілерде) бағдарламалық құралдың параметрлері орнатылғаннан кейін дереу жасау қажет.
Жаңа
бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірме
жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды жалғастыру
қажет. Жүйені жөндеу дискілері (тек таңдаулы үлгілерде) компьютерді іске қосуға жəне жүйе
тұрақсыз болған немесе істемей қалған жағдайда амалдық жүйені жөндеуге қолданылады.
Алғашқы жəне кейінгі сақтық көшірмелеріңіз проблема туындағанда деректерді қалпына
келтіруге мүмкіндік береді.
Қосымша сыртқы қатты дискіге, желілік дискіге немесе дискілерге ақпараттың сақтық
көшірмесін жасауыңызға болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
●
Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты
түрде жасап тұрыңыз.
●
Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
●
Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін
параметрлерді олардың экран
суретін жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран
суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
●
Сақтық көшірмені дискіде сақтау кезінде мына диск түрлерін (бөлек сатылады)
пайдаланыңыз: CD-R, CD-RW, DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL немесе DVD±RW.
Пайдаланылатын дискілер компьютерге орнатылған оптикалық жинақтағыш дискінің түріне
байланысты болады.
ЕСКЕРІМ: Ықшам дискілерге қарағанда, DVD дискілері мен қос қабатты DVD дискілерге
көбірек ақпарат сыятындықтан, сақтық көшірме кезінде, қажетті қалпына келтіру дискілер
санын азайтады.
●
Сақтық көшірме жасау кезінде, əрбір дискіні оптикалық жинақтағыш диск жетегіне салмай
тұрып нөмірлеңіз.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау үшін
:
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне жəне компьютердің жазу
жылдамдығына байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін.
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар)> Обслуживание (Қызмет
көрсету) > Архивация и восстановление (Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына
келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2. Экрандық нұсқауларды орындап сақтық көшірме параметрлерін орнатыңыз, жүйе бейнесін
жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені жөндеу дискісін жасаңыз (тек таңдаулы
үлгілерде).
52 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру