The first HP laptop to run was Windows 7
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру
үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
●
Windows қалпына келтіру құралдары. Windows Backup and Restore бағдарламасын
пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіруге болады.
Windows Startup Repair көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын
проблемаларды шешуге болады.
●
f11 қалпына келтіру құралдары. f11 қалпына келтіру құралдарын пайдаланып түпнұсқалық
қатты диск бейнесін
қалпына келтіруге болады. Бейнеге Windows амалдық жүйесі жəне
зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді іске қосу əрі бұрын жасалған жүйені жөндеу дискілерін (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін сатып алып
компьютерді қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпаратты
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану 54-бетте бөлімінен
қараңыз.
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар)> Обслуживание (Қызмет
көрсету) > Архивация и восстановление (Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына
келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындап жүйе параметрлерін, компьютеріңізді (тек таңдаулы
үлгілерде) немесе файлдарыңызды қалпына келтіріңіз.
Startup Repair көмегімен ақпаратты қалпына келтіру үшін, мына қадамдарды
орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Startup Repair пайдалану қатты диск ішіндегісін толығымен өшіреді əрі қатты диск
жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез келген
бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру
процесі қалпына келтіру сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді,
бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіреді.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, Windows бөлімінің жəне HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз.
Windows жүйесі бөлімінің бар екенін тексеру үшін, Пуск (Бастау) > Компьютер пəрменін
таңдаңыз.
HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеру үшін, Пуск (Бастау) түймешігін басып,
Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление (Басқару)
пəрменін, одан
кейін Управление дисками (Дискілерді басқару) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер HP Recovery бөлімі жойылған болса, f11 қалпына келтіру функциясы
жұмыс істемейді. Егер Windows жəне HP Recovery бөлімдері мүмкіндіктер тізімінде
болмаса, амалдық жүйе мен бағдарламаларды Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі
жəне «Драйверді қалпына келтіру» дискісі арқылы (екеуі де бөлек сатып алынады)
қалпына келтіру керек. Қосымша ақпаратты
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін
(бөлек сатылады) пайдалану 54-бетте бөлімінен қараңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 53