The first HP laptop to run was Windows 7

3. Windows бөлімі жəне HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз
да, Windows амалдық жүйесі жүктелгенше f8 пернесін басыңыз.
4. Startup Repair (Іске қосылуды жөндеу) тармағын таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін, Справка и Поддержка (Анықтама жəне қолдау) ішінде осы тақырыптарды іздеңіз.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 қалпына келтіру құралдары пайдаланылған болса, қатты дискідегі мазмұн
толығымен жойылып, қатты диск қайта пішімделеді. Жасалған барлық файлдар мен
компьютерге орнатылған кез келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. f11 қалпына
келтіру құралы зауытта орнатылған амалдық жүйені жəне НР бағдарламалары мен
драйверлерін қайта орнатады. Зауытта орнатылмаған бағдарламалық құралдарды қайта
орнату керек болады.
Түпнұсқалық қатты диск бейнесін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление
(Басқару) пəрменін, одан кейін Управление дисками (Дискілерді басқару) тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: HP Recovery бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен бағдарламаларды
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін мен Driver Recovery дискісін (екеуі де бөлек
сатылады) пайдаланып қалпына келтіру керек болады. Қосымша ақпаратты
Windows 7
амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану 54-бетте бөлімінен
қараңыз.
3. HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, экранның төменгі
жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін, ESC пернесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда esc пернесін басыңыз.
4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін, F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда, f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады)
пайдалану
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, http://www.hp.com/support
торабына кіріп, елді немесе аймақты таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
DVD дискісін техникалық қолдау қызметіне хабарласып та алуға болады. Хабарласу ақпаратын
компьютермен бірге берілетін Worldwide Telephone Numbers (Дүние жүзілік телефон нөмірлері)
кітапшасынaн қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану қатты диск ішіндегісін
толығымен өшіреді əрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен
компьютерге орнатылған кез келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта
пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді,
бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіруге көмектеседі.
54 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру