The first HP laptop to run was Windows 7

Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін:
Сериялық нөмір жапсырмасы мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды:
Бөлік
(1) Өнім атауы
(2) Сериялық нөмір
(3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі
(4) Кепілдің мерзімі
(5) Үлгі сипаттамасы (таңдаулы үлгілерде ғана)
Техникалық қолдау орталығына хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет.
Сериялық нөмір жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
Microsoft® түпнұсқалық туралы куəлігінде Windows өнім кілті бар. Өнім кілті амалдық
жүйені жаңарту немесе ақаулығын жою үшін қажет болуы мүмкін. Microsoft түпнұсқалық
куəлігі компьютердің түбіне жабыстырылады.
Құқықтық деректер жапсырмасы компьютер туралы құқықтық ақпарат береді. Техникалық
деректер жапсырмасы
қызмет көрсетуге арналған есіктің ішіне жабыстырылады.
Сымсыз куəландыру белгісі не белгілері (тек таңдаулы үлгілерді) — қосымша сымсыз
құрылғылар туралы ақпарат жəне құрылғылар қолданылатын кейбір елдер немесе
аймақтардың бекітілген таңбаларын береді. Компьютер үлгісінде бір немесе бірнеше
сымсыз құрылғы болса, куəлік беру жөніндегі бір немесе бірнеше жапсырма компьютермен
бірге жеткізіледі. Шет елде саяхаттау кезінде осы
ақпарат қажет болуы мүмкін. Сымсыз
куəлік беру туралы жапсырма қызмет көрсетуге арналған есіктің ішіне жабыстырылады.
SIM (абонентті анықтау модулі) жапсырмасы (тек таңдаулы үлгілерде) —SIM картасының
ICCID кодын (Кірістірілген байланыс картасының коды) береді. Бұл жапсырма қызмет
көрсетуге арналған есіктің ішінде орналасады.
HP мобильді кең жолақты модулінің сериялық нөмірі жапсырмасы (тек таңдаулы
үлгілерде) — HP ұялы кең жолақты
модулінің сериялық нөмірін береді. Бұл жапсырма
қызмет көрсетуге арналған есіктің ішінде орналасады.
Жапсырмалар 57