HP ноутбугі Анықтамалық нұсқаулық
© Copyright 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. AMD белгісі – Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel жəне Centrino – Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгілері. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШ-тағы сауда белгісі. Microsoft жəне Windows – Microsoft Corporation корпорациясының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері.
Қауіпсіздік ескертпелері АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайларын азайту үшін, компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бөгемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік ескертпелері
Maзмұны 1 Кіріспе ............................................................................................................................................................. 1 Жаңа компьютер туралы қосымша ақпарат іздеу ............................................................................ 1 2 Желі орнату (тек таңдаулы үлгілерде) ...................................................................................................... 3 Сымсыз қосылысты жасау ...........................................
Аудио ................................................................................................................................................. 16 Дыбыс деңгейін реттеу .................................................................................................... 17 Компьютерде аудио функцияларын тексеру ................................................................. 17 Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) .......................................................................................
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану ............................................................................... 32 Айнымалы ток адаптерін тексеру ................................................................................... 32 Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілер) ............................................. 34 Ауыспалы графикалық режимдерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) .................. 34 Қосарлы графикалық режимдерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) .......
HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралын пайдалану ............................... 51 Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ......................................................... 52 Орнатылған оптикалық жинақтағыш дискіні анықтау .................................................... 52 Оптикалық дискіні салу .................................................................................................... 52 Диск науасы ....................................................................
HP Software Setup утилитасын пайдалану ..................................................................... 72 9 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics ................................................................. 73 Computer Setup пайдалану .............................................................................................................. 73 Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау ..........................................
x
1 Кіріспе Осы нұсқаулықта НР ноутбуктері туралы жалпы ақпарат бар. ЕСКЕРІМ: мүмкін. Осы нұсқаулықта сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде жұмыс істемеуі Жаңа компьютер туралы қосымша ақпарат іздеу Компьютермен бірге төмендегі пайдаланушы нұсқаулықтары мен анықтамалық материалдар беріледі. Олар басылған түрде болуы немесе компьютердің қатты дискісінде, оптикалық дискіде сақталуы мүмкін. ● Орнату нұсқаулары постері — компьютер параметрлерін орнату жəне оны іске қосу жолын көрсетеді.
Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
2 Желі орнату (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютер Интернетке қосылудың екі түрін қолдайды: ● Сымсыз байланыс — Сымсыз қосылысты жасау 3-бетте атты бөлімді қараңыз. ● Сымды байланыс — Сымды желіге қосылу 12-бетте атты бөлімді қараңыз. ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылмас бұрын Интернет қызметін орнатуыңыз керек.
Белгіше 4 Атауы Сипаттама Сымды желі (өшірілген/ ажыратылған) Windows® басқару тақтасындағы барлық желілік құрылғылар немесе сымсыз құрылғылар өшірілгенін көрсетеді. Желі (қосылған) Сымсыз желі құрылғыларының біреуі немесе бірнешеуі сымсыз желіге қосылғанын көрсетеді. Желі (ажыратылған) Сымсыз желі құрылғыларының сымсыз желіге қосылмағанын көрсетеді. Желі (өшірілген/ ажыратылған) Сымсыз байланыс қол жетімді екенін көрсетеді.
Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру Сымсыз құрылғыларды сымсыз байланыс түймешігімен немесе HP Connection Manager құралымен (таңдаулы үлгілерде ғана болады) қосуға немесе өшіруге болады. ЕСКЕРІМ: Компьютердің пернетақтасында сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы немесе сымсыз байланыс пернесі болуы мүмкін. «Сымсыз байланыс түймешігі» термині осы нұсқаулықта сымсыз байланысты басқару элементтерінің барлық түрлерін білдіреді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін ▲ Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желі жəне ортақ пайдалануды басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз. Қосымша ақпаратты алу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармақтарын таңдаңыз.
WLAN құрылғысын қолдану Сымсыз байланыс арқылы компьютер Wi-Fi немесе WLAN желілеріне қосылады. WLAN сымсыз жол жоспарлағышы немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланысқан басқа компьютерлер мен керек-жарақтардан тұрады. Бар WLAN желісіне қосылу 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. (Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру 5-бетте бөлімін қараңыз.) 2. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында желі белгішесін басыңыз. 3. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз.
Жаңа WLAN желісін орнату Қажетті жабдықтар: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (бөлек сатылады) (1) жəне Интернет провайдерінен (ISP) сатып алынған жоғары жылдамдықты Интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатылады) (2) ЕСКЕРІМ: Кейбір кабельді модемдердің ішіне жол жоспарлағышы кірістіріледі. Жол жоспарлағышын бөлек сатып алу қажеті туралы Интернет провайдерінен сұраңыз. ● Сымсыз компьютер (3) Берілген суретте Интернетке қосылған сымсыз желінің орнатымы мысалға келтірілген.
ЕСКЕРІМ: HP компаниясы WPA2 таңдауды ұсынады, себебі бұл — үш шифрлау протоколының ең дамығаны. WEP шифрлауын пайдалану ұсынылмайды, себебі оны оңай шешуге болады. ● ● WPA жəне WPA2 протоколдары желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. WPA протоколы да, WPA2 протоколы да динамикалық түрде əр бума үшін жаңа кілт жасайды, сондай-ақ желідегі əр компьютер үшін əртүрлі кілт жинақтарын жасайды.
НР Мобильді кең жолақты модулі туралы жəне таңдаулы мобильді желілер қызметін провайдері арқылы қызметті белсендіру əдісі туралы қосымша мəліметтер алу үшін компьютермен бірге қамтамасыз етілетін НР Мобильді кең жолақты модулі туралы ақпаратты қараңыз. Қосымша ақпаратты http://www.hp.com/go/mobilebroadband мекенжайындағы НР вебторабын қараңыз (тек таңдаулы аймақтар/елдерде қолданылады). SIM картасын салу ЕСКЕРІМ: қараңыз. SIM ұясының орналасқан орнын анықтау үшін, Алғашқы жұмыс нұсқаулығын 1.
5. Егер компьютерде пайдаланушымен ауыстырылатын батарея бар болса, батареяны шығарыңыз. 6. SIM картасын басып, картаны ұясынан шығарып алыңыз. 7. Батареяны орнына салыңыз. 8. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 9. Компьютерді қосыңыз. GPS пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері орналасу, жылдамдық жəне бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған жүйелерге жібереді.
Сымды желіге қосылу Модемді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Модем 6 істікшелі RJ-11 модем кабелі (бөлек сатылады) арқылы аналогтық телефон желісіне қосылуы керек. Кейбір елдер мен аймақтарда арнайы модем кабелінің адаптері де қажет болуы мүмкін. Сандық PBX жүйелерінің ұялары аналогтық телефон ұяларына ұқсас болуы мүмкін, алайда, олар модеммен үйлеспейді.
Елге/аймаққа арналған модем кабелінің адаптерін қосу Телефон ұялары елге/аймаққа байланысты əр түрлі болады. Модемді немесе модем кабелін компьютерді сатып алған елден/аймақтан тыс жерде пайдалану үшін сол елдің/аймақтың арнайы модем кабелінің адаптерін сатып алу керек. Модемді RJ-11 телефон ұясы жоқ аналогтық телефон желісіне қосу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Модемнің кабелін компьютердегі модем ұясына (1) жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын модем кабелінің адаптеріне қосыңыз (2). 3.
Саяхат кезінде жаңа орналасуларды қосу Жаңа компьютердегі модем үшін тек қол жетімді бір орын параметрі - бұл компьютер сатып алынған мемлекетке немесе аймаққа арналған орын параметрі. Əртүрлі мемлекеттерге немесе аймақтарға саяхатқа шығатындықтан, ішкі модемді қолданатын мемлекеттің немесе аймақтың жұмыс істеу стандарттарына сəйкес келетін орын параметріне орнатыңыз. Жаңа орын параметрін қосқандықтан, олар кез келген уақытта параметрлерге ауысуға болатындай компьютерде сақталады.
ЕСКЕРІМ: Бұрын аталған процедураны еліңіз немесе аймағыздағы, сондай-ақ басқа елдер немесе аймақтардағы орналасу орындарына арналған параметрлерді қосу үшін пайдалануға болады. Мысалы, Рабочий (Жұмыс) атты параметрді қосуға болады, бұл параметр сыртқы желіге қоңырау шалуға арналған нөмірді теру ережелерін де қамтиды. Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) Сымды желіге қосылу үшін, 8 істікшелі RJ-45 желі кабелі (бөлек сатылады) қажет.
3 Мультимедиа Компьютерде төмендегідей мультимедиа бөліктері болуы мүмкін: ● Кірістірілген үндеткіш(тер) ● Кірістірілген микрофон(дар) ● Кірістірілген веб-камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану Компьютер моделіне байланысты, медиа файлын ойнату, тоқтата тұру, алға айналдыру немесе кері айналдыруға мүмкіндік беретін төмендегідей медиа белсенділігін басқару элементтері жұмыс істеуі мүмк
Дыбыс деңгейін реттеу Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгейін мына пернелер көмегімен реттеуге болады: ● Дыбыс деңгейі түймешіктері ● Дыбыс деңгейінің жылдам пернелері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер) ● Дыбыс деңгейін реттеу пернелері АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулерінен қараңыз.
Компьютерде аудио параметрлерін өзгерту немесе растау үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Аудио (Дыбыс) тармақтарын таңдаңыз. Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз. Фотосуреттерді немесе жазылған бейне қарап шығуға немесе сақтауға болады. Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
▲ VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Құрылғыдағы экран кескінін ауыстыру туралы нұсқауларды Алғашқы жұмыс нұсқаулығынан қараңыз. DisplayPort DisplayPort компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құралдарына жалғайды. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда DisplayPort өнімділігі жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРІМ: Құрылғыдағы экран кескінін ауыстыру туралы нұсқауларды Алғашқы жұмыс нұсқаулығынан қараңыз.
HDMI HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құралдарына жалғайды. ЕСКЕРІМ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI кабелі (бөлек сатылады) керек болады. Бір HDMI құрылғысын компьютердің HDMI портына жалғауға болады. Компьютер экранындағы ақпаратты HDMI құрылғысында бір уақытта бейнелеуге болады. Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін 1.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз. 1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Speakers (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Playback devices (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Playback (Ойнату) қойыншасында Speakers (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. Set Default (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
4 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютердің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Қуат параметрлерін орнату Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану Компьютерде зауытта қосылған қуатты үнемдеудің екі күйі бар: Ұйқы күйі жəне күту күйі. Ұйқы күйі қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмыс жадқа сақталады жəне күту күйіне қарағанда ұйқы күйінен жылдамырақ шығуға мүмкіндік береді. Компьютер ұзақ мерзім үшін ұйқы күйінде болғанда немесе ұйқы күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жеткенде, компьютер күту күйіне қосылады.
Күйін қосу жəне одан шығу Жүйе зауытта не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін, не болмаса батареяның заряды тым төмен деңгейге жеткенде күту күйіне қосылатын етіп орнатылған. Қуат параметрлері мен үзілістерін Windows жүйесінің басқару тақтасында өзгертуге болады. Күту күйін қосу үшін ▲ Пуск (Бастау) түймешігін басып, Завершение работы (Жұмысты аяқтау) түймешігіне жақын орналасқан көрсеткіні нұқыңыз, одан кейін Режим ожидания (Күту күйі) белгішесін нұқыңыз.
Басқа қуат жоспарын таңдау Мына əдістердің кез келгенін пайдаланыңыз: ● Хабарландыру аймағындағы қуат өлшегіш белгішесін басып, тізімнен қуат жоспарын таңдаңыз. ● Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдап, тізімнен элементті таңдаңыз. Қуат жоспарларын өзгерту 1.
HP Power Assistant пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) НР Power Assistant бағдарламасы компьютердің қуатты тұтынуын жəне батарея зарядын оңтайландыру мақсатында жүйе параметрлерін реттеуге мүмкіндік береді. HP Power Assistant бағдарламасы қуатты басқару кезінде негізделген шешім шығаруға көмектесетін құралдармен жəне ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу Анықтама жəне қолдау орталығында мына құралдар жəне батарея туралы ақпарат бар: ● Батарея жұмысын тексеруге арналған батареяны тексеру құралы ● Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару жəне дұрыс күтім мен сақтау туралы ақпарат ● Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне сыйымдылығы туралы ақпарат Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін ▲ 28 Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау)
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану Анықтама жəне қолдау орталығында компьютерде орнатылған батарея күйі туралы ақпарат беріледі. Батареяны тексеруді іске асыру үшін 1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз. ЕСКЕРІМ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы қуат көзіне жалғануы тиіс. 2.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды. ● Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді. ЕСКЕРІМ: Батеря шамы туралы қосымша ақпаратты Алғашқы жұмыс нұсқаулығынан қараңыз. – немесе – ● Хабарландыру аймағындағы қуат өлшегіштің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі туралы хабарландыру береді.
Батарея қуатын үнемдеу ● Windows жүйесінің Панель управления (Басқару тақтасындағы) Параметры электропитания (Қуат параметрлерін) параметрі арқылы төмен қуат деңгейін пайдалану параметрлерін таңдаңыз. ● Сымсыз жəне LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз. ● Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты қолданылады. 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4. Компьютерді қосыңыз. ● Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр. ● Егер қуат шамдары сөніп тұрса, айнымалы ток адаптері жұмыс істемейді жəне оны ауыстыру қажет.
Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілер) Кейбір компьютерлер ауыспалы графикалық режимдер немесе қосарлы графикалық режимдермен жабдықталған. ● Ауыспалы графикалық режимдер — AMD™ жəне Intel арқылы қолданылады. Егер компьютеріңізде AMD динамикалық ауыспалы графикалық режимдер болса, құрылғыңызда тек ауыспалы графикалық режимдер ғана қолданылады. ● Қосарлы графикалық режимдер — тек AMD арқылы қолданылады.
Ауыспалы графикалық режимдер қуат талаптарына сəйкес жұмыс режимін немесе қуат үнемдеу режимін жеке бағдарламаларға автоматты түрде тағайындайды. Сонымен қатар, жеке бағдарлама үшін параметрлерді қолмен өзгертуге бағдарламаны Недавно открытые приложения (Жақын арада ашылған бағдарламалар) ашылмалы мəзірінен табыңыз немесе Другие приложения (Басқа бағдарламалар) ашылмалы мəзірінің астында орналасқан Просмотр (Шолу) пəрменін таңдаңыз. Жұмыс режимін немесе қуат үнемдеу режимін ауыстыруға болады.
5 Сыртқы карталар жəне құрылғылар Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Қосымша сандық карталар деректерді қауіпсіз сақтауға жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңіз қолдау көрсететін сандық карта пішімдерін анықтау үшін, Алғашқы жұмыс нұсқаулығынан қараңыз.
Сандық картаны шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Мəліметтеріңізді сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан батарея көрсеткішінің белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. Картаны басып (1), оны ұясынан шығарып алыңыз (2).
ExpressCard картасын салу ЕСКЕРТУ: Компьютер мен сыртқы медиа карталарды зақымдамау үшін, дербес компьютер картасын ExpressCard ұясына салмаңыз. ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіру қатерін төмендету үшін ExpressCard картасын күшпен салмаңыз. ExpressCard картасы пайдаланылып тұрғанда компьютерді басқа орынға жылжытпаңыз немесе тасымалданбаңыз. ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен құрылғыңыздың көрінісі сəл өзгешелеу болуы мүмкін. ExpressCard ұясында қорғау қосымшасы болуы мүмкін. Қосымшаны алу үшін 1.
ЕСКЕРІМ: Қуатты үнемдеу үшін, пайдаланылмаған кезде ExpressCard картасын тоқтатыңыз немесе шығарып алыңыз. ExpressCard картасын алып тастау ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында ExpressCard картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Мəліметтеріңізді сақтап, ExpressCard картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2.
Смарт картаны енгізу 1. Жапсырмасы бар карта жағын жоғары қаратып, карта нық отырғанша оны смарт карта оқу құралына жайлап салыңыз. 2. Компьютерге смарт картаның PIN коды арқылы кіру жөніндегі экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Смарт картаны шығарып алу ▲ Смарт картаның шеттерінен ұстап, оны смарт карта оқу құралынан сыртқа шығарыңыз.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз. ▲ Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен компьютеріңіз көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
Кейбір 1394 құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз. 1394 порты IEEE 1394a құрылғыларын да қолдайды.
1394 құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: 1394 порт қосқышының зақымдалу қатерін азайту үшін құрылғыны күшпен жалғамаңыз. ▲ 1394 құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғының 1394 кабелін 1394 портына қосыңыз. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. 1394 құрылғысын ажырату ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін, 1394 құрылғысын ажыратпас бұрын оны тоқтатыңыз. ЕСКЕРТУ: 1394 қосқышының зақымдалу қатерін азайту үшін, 1394 құрылғысын ажырату мақсатында кабельден тартпаңыз. 1.
еSATA құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: eSATA порт қосқышының зақымдалу қатерін азайту үшін құрылғыны күшпен жалғамаңыз. ▲ еSATA құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғысының еSATA кабелін компьютердегі еSATA портына жалғаңыз. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. еSATA құрылғысын ажырату ЕСКЕРТУ: eSATA қосқышының зақымдалу қатерін азайту үшін, eSATA құрылғысын ажырату мақсатында кабельден тартпаңыз.
Тізбекті құрылғыны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Таңдаулы компьютер үлгілерінде тізбекті порт бар. Бұл порт арқылы тізбекті модем, тінтуір немесе принтер сияқты қосымша құрылғылар қосылады. Кейбір тізбекті құрылғылар əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз. ▲ Тізбекті құрылғыны қосу үшін, құрылғының кабелін компьютердегі тізбекті портқа жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: HP сыртқы USB оптикалық дискілерін қуатқа қосылған компьютердегі USB портына (тек таңдаулы үлгілерде) жалғау керек. USB дискілерінің мына түрлері бар: ● 1,44-Мбайт дискет жетегі ● Қатты диск модулі ● Сыртқы оптикалық диск (ықшам диск, DVD жəне Blu-ray) ● MultiBay құрылғысы Кеңейту портын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютердегі қосымша порттар мен қосқыштарды пайдалану үшін, компьютер кеңейту порты арқылы қосымша қондыру немесе кеңейту құрылғысына жалғанады.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану 47
6 Дискілер Дискілер ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына сақтық шараларын орындаңыз: 48 ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, ұйқы күйін қосып, экранның өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьютерді пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін, дискіні дефрагментациялау құралы қатты дискідегі бөлініп қалған файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді. ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету қажет емес. Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады.
Дискіні тазалау құралын қосу: 1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Аксессуары (Керекжарақтар) > Служебные (Жүйелік құралдар) > Очистка диска (Дискіні тазалау) тармақтарын таңдаңыз. 2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру жəне дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
Хабарландыру аймағында белгіше қосылмаған болса, оны қосу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) > HP 3D DriveGuard тармағын таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы жазбасын басқару функциясымен сұрақ қойылса, Иə түймешігін басыңыз. 2. Значок на панели задач (Тапсырма тақтасындағы белгіше) жолынан Отображать (Көрсету) пəрменін таңдаңыз. 3. OK түймешігін басыңыз.
Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Олар мына мақсаттарға қолданылады: ● ықшам диск ● DVD ● Blu-ray (BD) дискісі Орнатылған оптикалық жинақтағыш дискіні анықтау ▲ Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз. Компьютеріңізде орнатылған оптикалық дискіні қоса барлық құрылғылар көрсетіледі. Оптикалық дискіні салу Диск науасы 1. Компьютерді қосыңыз. 2. Диск салғышты шығарып алу үшін, диск салғыш беткі тақтасындағы шығарып алу түймешігін (1) басыңыз. 3.
ЕСКЕРІМ: Диск салғаннан кейін диск жетегінің қысқаша тоқталуы қалыпты құбылыс. Егер медиа ойнатқышы таңдалмаған болса, AutoPlay терезесі ашылады. Ол сізге медиа мазмұнын қалай пайдаланатыныңызды таңдауды ұсынады. Диск саңылауы ЕСКЕРТУ: Диск саңылауы бар оптикалық диск жетегіне 8 см-лік оптикалық дискілерді салмаңыз. Бұл оптикалық диск жетегіннің зақымдануына əкелуі мүмкін. 1. Компьютерді қосыңыз. 2.
2. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 3. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз. Диск салғыш қалыпты түрде ашылмаған жағдайда 54 1. Диск жетегінің бет панеліндегі ашу тесігіне қағаз қыстырғыштың ұшын (1) кіргізіңіз. 2. Диск салғыш (2) шыққанша қағаз қыстырғышты абайлап итеріп, диск салғышты толық тартып шығарыңыз.
3. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 4. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз. Диск саңылауы 1. Диск жетегінің жанындағы босату түймешігін (1) басыңыз. 2. Дискінің (2) тегіс беттерін ұстамау үшін, оның шеттерінен ұстап алыңыз. 3. Дискті қорғаныш қабына салыңыз.
Оптикалық жинақтағыш дискілерді ортақ пайдалану Компьютерде ішкі оптикалық диск жетегі болмаса да, бағдарламалық құралды оңай пайдалануға, қолданбаларды орнатуға, желідегі басқа компьютерге жалғанған оптикалық диск жетегін ортақ пайдаланып, деректерді алуға болады. Диск жетектерін ортақ пайдалану — бір компьютерге жалғанған диск жетегін сол желідегі басқа компьютерден пайдалануға мүмкіндік беретін Windows амалдық жүйесінің мүмкіндігі.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, Windows емес Computer Setup (BIOS) утилитасы жəне басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік функциялары жеке параметрлер мен деректерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіпқатерлерден жəне зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
Компьютер қаупі Қауіпсіздік мүмкіндігі Computer Setup (f10) утилитасына рұқсатсыз кіру Computer Setup құралындағы BIOS əкімші құпия сөзі* Қатты диск мазмұнына рұқсатсыз кіру Computer Setup құралындағы DriveLock құпия сөзі* Оптикалық диск, дискет жетегі немесе ішкі желілік адаптерден рұқсатсыз бастау Computer Setup құралындағы жүктеу параметрлері мүмкіндігі* Windows пайдаланушы жазбасын рұқсатсыз пайдалану Windows пайдаланушы құпия сөзі Деректерге рұқсатсыз кіру ● Қалқан бағдарламалық құралы ●
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін төмендегі кеңестерді ісіңізде сақтаңыз: ● Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз. ● Құпия сөздерді жазып алып, оларды компьютерден алыс қауіпсіз жерге сақтаңыз. ● Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз. Əдетте қолданылатын құпия сөздер тізімі келесі кестелерде беріледі жəне олардың функциялары сипатталады.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату Құпиясөз Қызмет BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын алуға қолданылады. Бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске қосу кезінде орнатылады.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. BIOS əкімші құпия сөзін өзгерту 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу BIOS əкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS əкімші құпия сөзін енгізудің 3 сəтсіз əрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, əрекетті қайта орындау қажет. DriveLock құпия сөзін басқару Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1.
4. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 5. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін YES (Иə) пəрменін таңдаңыз. 6. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана таңдаулы үлгілерде) Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушы есептік жазбасы мен Windows құпия сөзін орнату керек. Бұл есептік жазба арқылы анықталған саусағыңызбен компьютерге тигізіп, жүйеге кіруге болады. Сонымен қатар, саусақ ізін оқу құрылғысын жүйеге кіру кезінде вебсайттар мен басқа да бағдарламалардың құпия сөзін енгізу үшін пайдалануға болады.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған кезде компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар жəне басқа да зиянды қауіп-қатерлер компьютеріңізге түсуі мүмкін. Олар амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе қызметтік бағдарламаларды бұзады, не болмаса олардың нашар жұмыс істеуіне əкеліп соқтырады.
Амалдық жүйе үшін жаңартулар жəне басқа бағдарламалық құрал компьютер зауыттан жіберілгеннен кейін қол жетімді болуы мүмкін. Компьютерге қол жетімді барлық жаңартулардың орнатылғанын тексеру үшін, осы нұсқауларды орындаңыз: ● Компьютерді орнатқаннан кейін мүмкіндігінше тез Windows Update бағдарламасын іске қосыңыз. ● Бұдан кейін Windows Update қызметін ай сайын қосыңыз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату 67
8 Күтім Компьютерді тазалау Тазалау заттары Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз: ● Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау жəне зарарсыздандыру үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын антисептикалық майлықты пайдаланыңыз. ЕСКЕРТУ: Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау кезінде сұйықтықтың пернелер астына түспейтініне көз жеткізіңіз. Бұл ішкі бөліктерді бір жолға зақымдауы мүмкін.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде ең соңғы нұсқаларға дейін жаңартуға кеңес береді. АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/ country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз.
SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді. Бұл құралды пайдалану арқылы SoftPaq файлдарын оңай тауып, оларды жүктеп ашуға болады. SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында орналасқан компьютер үлгісі мен SoftPaq ақпараты бар дерекқор файлын оқып, оны жүктейді.
7. Қол жетімді SoftPaq бағдарламалық құрал файлдарының біреуін таңдап, бірнеше SoftPaq бағдарламалық құрал файлдарын жүктеп алу керек болса Download Only (Тек жүктеу) параметрін таңдаңыз. Себебі SoftPaq бағдарламалық құрал файлын таңдау жəне Интернет байланысының жылдамдығы жүктеу процесі қанша уақыт алатынын көрсетеді. Егер сіз бір немесе екі SoftPaq файлын жүктеп алғыңыз келсе жəне сіз жоғары жылдамдықты Интернет қосылысын пайдалансаңыз, Загрузить и распаковать (Жүктеп алу жəне ашу) пəрменін таңдаңыз.
9 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРІМ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
ЕСКЕРІМ: Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдауды жасау үшін, (сенсорлы тақта, меңзегіш таяқша не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны пайдаланыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Құпия сөз, қауіпсіздік жəне тіл параметрлері зауыттың əдепкі параметрлерін сақтағанда өзгертілмейді.
BIOS нұсқасын жаңарту BIOS жүйесін жаңартудың түрлі тəсілдері келесі бөлімдерде сипатталады. BIOS жүйесін жаңарту үшін SoftPaq файлдарын жүктеу BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. НР веб-торабынан BIOS жаңартуларын орнату үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. НР веб-торабынан SoftPaq файлдарын жүктеп алыңыз. 2. BIOS жүйесін жаңарту үшін Выполнить (Орындау) түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
7. Computer Setup утилитасына кіру үшін f2 пернесін басыңыз. 8. Мəзірден BIOS Management (BIOS жүйесін басқару) пəрменін таңдаңыз жəне Update BIOS (BIOS жаңартуы) параметрін таңдаңыз. f10 орнату құралын BIOS жүйесін жаңарту үшін пайдалану 1. НР веб-торабынан SoftPaq файлдарын жүктеп алыңыз. ЕСКЕРІМ: UEFI жүйе диагностикасы компьютерде (немесе USB флэш-картасында) орнатылғанын тексеріңіз. 2.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
BIOS Setup мəзірі Осы бөлімдегі кестелерде BIOS Setup утилитасының мəзір параметрлері туралы шолу беріледі. Негізгі мəзір Таңдау Орындалатын əрекет Жүйе ақпараты ● Жүйе уақытын жəне күнін қарап шығу жəне өзгерту. ● Компьютеріңіз туралы анықтау ақпаратын қарап шығу. ● Процессор, жад мөлшері мен жүйелік BIOS туралы арнайы ақпаратты көру. Қауіпсіздік мəзірі Таңдау Орындалатын əрекет Əкімші құпия сөзі Setup Utility утилитасына кіруді басқарады.
қатты дискінің SMART сипаттары, қатты дискінің беті, батарея (жəне батареяның дəлдігін реттеу), бейне жады мен WLAN модулі күйінің толық сынақтары орындалады. ● Қатты диск сынағы — бұл сынақ қатты дискінің физикалық жағдайын, одан кейін қатты дискінің əр бөліміндегі деректердің барлығын тексереді. Егер тексеру барысында бөлімнің зақымданғаны анықталса, деректер дұрыс бөлімге жылжытылады. ● Жад сынағы — бұл сынақ жад модульдерінің физикалық жағдайларын анықтайды.
10 MultiBoot Жүктеу құрылғыларының реті туралы Компьютер басталғанда, амалдық жүйе жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі. Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін басқарады. Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері, желілік интерфейс картасы (NIC), қатты дискілер жəне USB құрылғылары кіреді. Жүктеу құрылғыларында компьютерді бастау жəне дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа немесе файлдар бар.
Computer Setup утилитасында жүктеу құрылғыларын қосу Егер USB құрылғысы немесе NIC картасы Computer Setup утилитасында қосылған болса, компьютер бұл құрылғыдан жүктелетін болады. Computer Setup утилитасын бастап, USB немесе NIC құрылғысын жүктеу құрылғысы ретінде қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
Жүктеу ретін өзгерту Жүктеу ретін өзгертпес бұрын мына ақпаратты есіңізде сақтаңыз: ● Жүктеу реті өзгертілгеннен кейін компьютер қайта басталған кезде, жаңа жүктеу реті пайдаланылады. ● Жүктеу құрылғыларының бірнеше түрі қолданылса, компьютер жүктеу құрылғыларының əр түрінің бірінші құрылғысынан (оптикалық құрылғылардан басқа) жүктеледі.
Computer Setup утилитасында жаңа жүктеу ретін орнату Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын пайдаланылатын жүктеу ретін орнату үшін, мына əрекеттерді орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
MultiBoot Express кеңестерін орнату Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын MultiBoot бастау мəзірін көрсететіндей етіп орнату үшін, мына əрекеттерді орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз. 3.
а Компьютерді сапарға алып шығу Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір кеңестерін осы жерден табасыз. ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. ◦ Компьютерден сандық карталар сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа карталарын шығарып алыңыз.
● Егер компьютерді немесе дискіні тасымалдайтын болсаңыз, тиісті қорғаныш орамы мен «FRAGILE» (Тез сынғыш) деген ескертпесі бар жапсырманы қолданыңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: ◦ Өзіңіз баратын əр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. ◦ Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы мүмкін.
ə Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығынан табыңыз. Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрмендерін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз. АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының босатылуы; мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс Таңбалар/Сандар 1394 кабелі, қосу 43 1394 құрылғылары анықталған 41 қосылу 43 шығарып алу 43 А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 62 шығарып алу 63 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 21, 22 айнымалы ток адаптері, тексеру 32 айнымалы ток адаптерін тексеру 32 ақаулықтарды жою көздері 88 амалдық жүйе басқару элементтері 5 аудио функциялары, тексеру 17 аудио функцияларын тексеру 17 ауыспалы графикалық режимдер 34 Ə əкімші құпиясөзі 59 əуежай қауіпсіздік құрылғылары 48 Б бағдарламалық құрал HP C
И Интернет қосылысын орнату 8 К кабельдер 1394 43 eSATA 44 USB 41 кеңейту порты 46 компьютер, сапарға шығу 31, 86 компьютерді қорғау 68 компьютерді өшіру 23 компьютерді сапарға алып шығу 31, 86 компьютерді тазалау 68 концентраторлар 40 Күту қосу 25 өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 30 шығу 25 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 49 Дискіні тазалау 49 Қ қатты диск HP 3D DriveGuard 50 сыртқы 45 қатты диск шамы 50 қауіпсіздік, сымсыз 8 қондыру қосқышы 46 қосарлы графикалық режимдер 35 қосқыш, қондыр
сыртқы айнымалы ток қуаты, пайдалану 32 сыртқы диск 45 сыртқы құрылғылар 45 сыртқы монитор порты 18 Т температура 31 түймешіктер дыбыс деңгейі 17 қуат 23 медиа құралы 16 Ұ Ұйқы қосу 24 шығу 24 Ү үнемдеу, қуат 31 Ш шамдар, қатты диск 50 Э электростатикалық разряд 89 A advanced system diagnostics 79 B BIOS жаңарту 76 жаңартуды жүктеп алу 78 нұсқаны анықтау 77 Bluetooth құрылғысы 3, 11 C Computer Setup BIOS əкімші құпия сөзі 60 Drivelock құпия сөзі 62 MultiBoot Express кеңестерінің параметрлерін орнату 8