HP Laptop Help Guide
▲
VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғыдағы экран кескінін ауыстыру туралы нұсқауларды Алғашқы жұмыс
нұсқаулығынан қараңыз.
DisplayPort
DisplayPort компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек
немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық
құралдарына жалғайды. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда DisplayPort өнімділігі
жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРІМ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын DisplayPort арқылы жіберу үшін,
DisplayPort кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
Бір DisplayPort құрылғысын компьютердің DisplayPort портына жалғауға болады. Компьютер
экранындағы ақпаратты DisplayPort құрылғысында бір уақытта бейнелеуге болады.
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғаңыз, одан кейін қосымша ақпаратты
өндіруші нұсқауларынан қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны компьютерден ажыратуға қосқыш ілгекті басыңыз.
Бейне 19