HP Laptop Help Guide

4 Қуатты басқару
ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі
термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді.
Компьютердің жұмысын аяқтау
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады.
Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды жауып,
дисплей мен компьютерді өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
USB (Əмбебап тізбекті шина) портына қосылмаған сыртқы аппараттық құрылғыны қосқан
кезде
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған
кезде
.
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows
өшіру пəрменін қолдану болып табылады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, ұйқы
немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) > Завершение работы (Жұмысты аяқтау) тармағын таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе жəне жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедурасын пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
ctrl+alt+delete пернелер тіркесімін басып, одан кейін экранға шыққан Питание (Қуат)
түймешігін басыңыз.
Компьютердің
қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар үлгілердегі компьютерден батареяны
шығарыңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтау 23