HP Laptop Help Guide

Хабарландыру аймағында белгіше қосылмаған болса, оны қосу үшін келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық
жəне дыбыс) > HP 3D DriveGuard тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы жазбасын басқару функциясымен сұрақ қойылса, Иə түймешігін
басыңыз.
2. Значок на панели задач (Тапсырма тақтасындағы белгіше) жолынан Отображать
(Көрсету) пəрменін таңдаңыз.
3. OK түймешігін басыңыз.
Қуатты қауіпсіз позицияға орнатылған қатты диск көмегімен басқару
HP 3D DriveGuard дискіні қауіпсіз позицияға орнатқан болса, мына жағдайлар орын алады:
Компьютер өшпейді.
Төмендегі ескертуде сипатталған жағдайлардан тыс, компьютер күту режимін немесе ұйқы
режимін іске қоспайды.
ЕСКЕРІМ: Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрып, заряд ең төмен деңгейге
жетсе, HP 3D DriveGuard компьютерге күту режиміне ауысуға мүмкіндік береді.
Компьютерде Предупреждения (Ескертулер) қойыншасының Электропитание (Қуат
параметрлері) аймағында орнатылған батарея ескертулері іске қосылмайды.
Компьютерді жылжытпас бұрын, HP компаниясы оны алдымен өшіруді немесе күту режиміне
не ұйқы режиміне ауыстыруды ұсынады.
HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралын пайдалану
HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралы сізге мына əрекеттер орындауға мүмкіндік береді:
HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралын қосу жəне өшіру.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушылық құзырыңызға байланысты, HP 3D DriveGuard мүмкіндігін
қосу немесе өшіру рұқсатыңыз болмауы мүмкін. Əкімші болып табылмайтын
пайдаланушылардың құзырын əкімшілік топтың мүшелері өзгерте алады.
Жүйедегі дискінің қолдауы бар-жоқтығын анықтау.
Бағдарламалық құралды ашып, параметрлерін өзгерту үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Хабарландыру аймағының оң жағында орналасқан желі белгішесін басыңыз.
немесе
Хабарландыру аймағындағы белгішені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Параметры
(Параметрлер) пəрменін таңдаңыз.
2. Параметрлерді өзгерту үшін, тиісті түймешікті басыңыз.
3. OK түймешігін басыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану 51