HP Laptop Help Guide

7. Computer Setup утилитасына кіру үшін f2 пернесін басыңыз.
8. Мəзірден BIOS Management (BIOS жүйесін басқару) пəрменін таңдаңыз жəне Update
BIOS (BIOS жаңартуы) параметрін таңдаңыз.
f10 орнату құралын BIOS жүйесін жаңарту үшін пайдалану
1. НР веб-торабынан SoftPaq файлдарын жүктеп алыңыз.
ЕСКЕРІМ: UEFI жүйе диагностикасы компьютерде (немесе USB флэш-картасында)
орнатылғанын тексеріңіз.
2. Run (Орындау) түймешігін басып, Update/USB (Жаңарту/USB) жүктелетін тілқатысу
терезесінде Cancel (Болдырмау) пəрменін таңдаңыз.
3.
c:\swsetup мекенжайында орналасқан SoftPaq нөміріңізге сай қалтаны табыңыз.
4. ROMpaq қалтасында .bin файлын (мысалы, 68CDD.bin) іздеңіз, одан кейін оны қатты
дискінің немесе USB флэш-картасының HP_Tools бөліміндегі Hewlett-Packard\BIOS\New\
қалтасына көшіріңіз.
5. ROM.cab файлында .sig файлын тауып, оның атауына .bin файлының префиксін қосыңыз
(мысалы, 68CDD.sig). Атауы өзгертілген файлды қатты дискінің немесе USB флэш-
картасының HP_Tools бөліміндегі Hewlett-Packard\BIOS\New\ қалтасына көшіріңіз.
6. Компьютерді қайта қосыңыз да, экранның төменгі
жағында «Press the ESC key for Startup
Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабарламасы экранда
бейнеленгенде esc пернесін басыңыз.
7. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
8. BIOS жүйесін жаңарту үшін Update System BIOS (Жүйелік BIOS жаңарту) параметрін
нұқып, Accept (Қабылдау) пəрменін таңдаңыз.
BIOS нұсқасын анықтау
Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS
нұсқаларын қамтитын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
BIOS нұсқасының ақпаратын (Дата ROM (ROM күні) жəне Система BIOS) (BIOS жүйесі) деп те
аталады) fn+esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup
утилитасын ашу арқылы көрсетуге болады.
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
2. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің
көмегімен File (Файл) > System Information
(Жүйе ақпараты) тармақтарын таңдаңыз.
3. Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол
жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
немесе
tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Ignore Changes and Exit
(Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Computer Setup пайдалану 77