HP Laptop Help Guide
MultiBoot Express кеңестерін орнату
Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын
MultiBoot бастау мəзірін көрсететіндей етіп орнату үшін, мына əрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш
құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен System Configuration
(Жүйе конфигурациясы) > Boot Options (Жүктеу параметрлері) тармақтарын таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Əдепкі параметр ағымдағы MultiBoot параметріне жеткенше компьютердің басталу
орналасқан мəзірін экранға шығару уақытының секундта көрсетілетін мəнін Multiboot
Express Popup Delay (Sec) (Multiboot Express қалқыма хабарын кідірту (сек)) өрісіне
енгізіңіз. («0» мəні таңдалған жағдайда, Express Boot басталуының орналасу мəзірі
көрсетілмейді.)
5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан
шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
MultiBoot Express таңдаулы параметрлерін енгізу
Express Boot мəзірі басталу кезінде экранда көрсетіліп тұрғанда, мына əрекеттерді орындауға
болады:
●
Express Boot мəзірінде жүктеу құрылғысын анықтау үшін, берілген уақыт ауқымын
таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
●
Компьютердің ағымдағы MultiBoot параметріне өтпеуі үшін, берілген уақыт аяқталғанша
кез келген пернені басыңыз. Компьютер жүктеу құрылғысы таңдалып, enter пернесі
басылғанша басталмайды.
●
Компьютердің ағымдағы MultiBoot параметрлеріне сəйкес басталуы үшін,
берілген уақыт
аяқталғанша күте тұрыңыз.
MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау 85