HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - Installation Guide
4
Принтердіқосу
Принтер аналогтық құрылғы болып табылады. НР компаниясы
принтерді арнаулы аналогтық телефон желісінде пайдалануды
ұсынады.
ЕСКЕРТПЕ.Кейбір елдерде/аймақтарда өніммен бірге берілген
телефон сымына адаптер қажет болуы мүмкін.
Принтермен бірге берілген телефон сымын принтердегі факс
портына және қабырғадағы телефон ұясына қосыңыз.
Жауапберуаппаратынанемесеқосымша
телефонғақалайқосыламын?
1. Ашаны телефон портынан суырыңыз.
2. Жауап беру аппаратының телефон сымын телефон ұясынан
ажыратыңыз, одан кейін оны принтердегі телефон портына
қосыңыз.
3. Принтермен бірге берілген телефон сымын принтердегі факс
портына және қабырғадағы телефон ұясына қосыңыз.
Сандықтелефонорталарында
HPпринтерлерінқалайорнатамын?
HP принтерлері әдеттегі аналогтық телефон қызметтерімен
біргепайдалану үшін жасалған. Сандық телефон ортасы үшін
(DSL/ADSL, PBX, ISDN немесе FoIP сияқты) факсқа арналған
принтерді реттегенде, сандық-аналогтық сүзгілер немесе
түрлендіргіштер қажет болуы мүмкін.
Ескертпе:Телефонды шығарған компанияға байланысты принтер
барлық сандық қызмет желілерімен немесе провайдерлерімен,
барлық сандық орталарда немесе барлық сандық-аналогтық
түрлендіргіштермен үйлесімді болмауы мүмкін. Қайсы реттеу
опциялары ең жақсысы болып табылатынын анықтау үшін
телефонды шығарған компания өкілдеріне хабарласыңыз.
Ескертпе:Ішкі және сырты қоңыраулар үшін әр түрлі қоңырау
үлгілері бар PBX телефон жүйесінде қоңырау үлгілерін
анықтауды реттеу кезінде қоңырау үлгісін жазып алу үшін
сыртқы нөмірден принтердің факс нөмірін тергеніңізді тексеріңіз.
9.1 9.2
Принтердіреттеу
Факс мүмкіндігін пайдалану үшін факс уақытын, күнін және
тақырып параметрлерін конфигурациялауды қажет етеді.
HPFaxSetupWizard(Windows)
1. Start (Бастау) мәзірінде Programs (Бағдарламалар) тармағын
таңдаңыз.
2. HP түймешігін, принтер атауын, одан кейін FaxSetupWizard
(Факс параметрлерін орнату шебері) тармағын басыңыз.
3. Факс параметрлерін конфигурациялау үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Сұйықкристалдыдисплейбасқарутақтасы
1. Принтердің басқару тақтасында Setup (Орнату) түймешігін
басыңыз.
2. SystemSetup (Жүйені реттеу) тармағын таңдаңыз да,
Time/Date (Уақыт/Күн) параметрін таңдаңыз.
3. Time/Date (Уақыт/күн) пәрменін таңдаңыз.
4. 12-hour (12 сағаттық) немесе 24-hour (24 сағаттық)
параметрін таңдаңыз.
5. Пернелер панелін пайдаланып ағымдағы уақытты енгізіп, OK
түймесін басыңыз.
6. Күн пішімін таңдаңыз.
7. Пернелер панелін пайдаланып ағымдағы күнді енгізіп, OK
түймесін басыңыз.
8. Setup (Орнату) мәзірінен FaxSetup (Факсты реттеу) опциясын
таңдап, FaxHeader(Факс тақырыбы) опциясын таңдаңыз
9. Пернелер панелін пайдаланып факс нөмірін енгізіңіз де, OK
түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ.Факс нөміріндегі таңбалар саны ең көбі 20 болады.
10. Пернелер панелін пайдаланып компания атын немесе
тақырыбын енгізіп, OK түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ.Факс тақырыбындағы таңбалар саны ең көбі
40болады.
Сенсорлыэкранбасқарутақтасы
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Setup
(Параметрлерді орнату)
түймешігін түртіңіз.
2. FaxSetup (Факсты реттеу) тармағын, одан кейін BasicSetup
(Негізгі реттеу) тармағын таңдаңыз.
3. Time/Date (Уақыт/күн) пәрменін таңдаңыз.
4. 12-hour (12 сағаттық) немесе 24-hour (24 сағаттық)
параметрін таңдаңыз.
5. Пернелер панелін пайдаланып ағымдағы уақытты енгізіп,
OKтүймесін түртіңіз.
6. Күн пішімін таңдаңыз.
7. Пернелер панелін пайдаланып ағымдағы күнді енгізіп,
OKтүймесін түртіңіз.
8. FaxHeader (Факс тақырыбы) параметрін таңдаңыз.
9. Пернелер панелін пайдаланып факс нөмірін енгізіңіз де,
OKтүймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ.Факс нөміріндегі таңбалар саны ең көбі 20 болады.
10. Пернелер панелін пайдаланып компания атын немесе
тақырыбын енгізіп, OK түймесін түртіңіз.
Стандартты пернелер панелінде жоқ арнайы таңбаларды
енгізу үшін @#$ түймесін түртіп арнайы таңбаларды
қамтитын пернелер панелін ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ.Факс тақырыбындағы таңбалар саны ең көбі
40болады.
Қосымшамәліметтер!
Факсты кейін жіберілетін етіп жоспарлау немесе факстарды
компьютерден жіберу сияқты басқа әдістері туралы қосымша
ақпаратты принтердің CD дискісіндегі пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз немесе келесі веб-торапқа өтіңіз:
• www.hp.com/support/ljM426MFP
• www.hp.com/support/ljM427MFP
Принтердегі сканерлеу тапсырмасын бастау үшін компьютердегі HP Scan
бағдарламалық құралын пайдаланыңыз.
Windows
Start (Бастау) түймесін басып, Programs (Бағдарламалар), AllPrograms (Барлық
бағдарламалар), HP опциясын таңдап, HPScan бағдарламалық құралын таңдаңыз.
OSX
Applications(Қолданбалар) түймесін басып, HP опциясын таңдап, HPScan
бағдарламалық құралын таңдаңыз.
9.
Факстыреттеу(текfdnжәнеfdwүлгілері-қосымша)
10.
Сканерлеумүмкіндігінпайдалану
Marlin_GSG_EAC_C5F98-90013.indd 4 1/25/2016 11:11:53 PM