HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - Installation Guide
5
Ақаулардыжою
Пайдаланушынұсқаулығы
Пайдаланушы нұсқаулығына принтерді пайдалану және ақауларды жою
туралы ақпарат кіреді. Оны принтердің ықшам дискісінен және мына веб-
тораптан алуға болады:
1. www.hp.com/support/ljM426MFP немесе
www.hp.com/support/ljM427MFP бетіне өтіңіз.
2. Manuals (Нұсқаулықтар) түймешігін басыңыз.
Windows жүйесі үшін ұсынылған бағдарламалық құралды орнату
барысында пайдаланушы нұсқаулығы компьютерге көшіріледі.
Windows
®
XP,WindowsVista
®
жәнеWindows
®
7
Start(Бастау) түймешігін басып, Programs(Бағдарламалар) немесе
AllPrograms(Барлық бағдарламалар),HPтармағын таңдаңыз,
HP принтері үшін қалтаны, одан кейін Help(Анықтама)тармағын таңдаңыз.
Windows
®
8
Start (Бастау) экранында, экранның бос аймағын тінтуірдің оң жақ
түймесімен басып, бағдарламалар тақтасынан AllApps(Барлық
бағдарламалар) тармағын таңдаңыз, одан кейін принтердің аты бар
белгішені басыңыз да,Help(Анықтама) тармағын таңдаңыз.
Микробағдарламажаңартуларынтексеру
1. Принтердің басқару тақтасында OK түймешігін басыңыз.
2. Services (Қызметтер) мәзіріне жылжып, OK түймешігін басыңыз.
3. LaserJetUpdate(LaserJet жаңартуы) тармағын таңдаңыз.
4. CheckforUpdatesNow(Жаңартуларды қазір тексеру) тармағын
таңдаңыз.
Басқарупанелініңанықтамасы
Анықтама бөлімдерін ашу үшін принтердің басқару тақтасындағы Help
(Анықтама) түймешігін түртіңіз.
Қосымшақолдауресурстары
HP компаниясының принтерге арналған толық анықтамасын алу үшін
www.hp.com/support/ljM426MFP немесе www.hp.com/support/ljM427MFP
бетіне өтіңіз.
• Проблемаларды шешу
• Кеңейтілген конфигурация нұсқауларын табу
• Бағдарламалық құрал жаңартуларын жүктеп алу
• Қолдау форумдарына қосылу
• Кепілдік және нормативтік ақпаратты табу
• Мобильді басып шығару ресурстары
Сымды(Ethernet)желіқосылымы
• Дұрыс ұзындықтағы кабельді пайдаланып, принтердің дұрыс желілік
портқа жалғанғанын тексеріңіз.
• Желілік порттың жанындағы шамның жанып тұрғанын тексеріңіз.
• Компьютерде баспа драйвері орнатылғанын тексеріңіз.
• Желі ақпаратын жіберу арқылы желі байланысын тексеріңіз:
Windows
Start (Бастау) > Run (Іске қосу) тармағын таңдаңыз. cmd деп теріп
Enter пернесін басыңыз. «Ping» деп теріңіз, бос орын енгізіңіз,
принтердің IP мекенжайын теріңіз, одан кейін Enter пернесін басыңыз.
IP мекенжайыныңүлгісі: 192.168.0.1
OSX
Желі утилитасын ашып, жаңғырықты тексеру аймағына IP
мекенжайын теріңіз. Enter пернесін басыңыз. IPмекенжайының
үлгісі: 192.168.0.1
• Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс
істейді.
• Егер ping жұмыс істемесе, принтерді қайта қосып, қосылым
қадамдарының барлығын қайтадан тексеріп көріңіз.
Сымсызжеліқосылымы(текdwжәнеfdw
сымсызүлгілері)
• Желі кабелі ажыратылғанын тексеріңіз. Желі кабелі қосылып
тұрғанда, принтер сымсыз желіге қосыла алмайды.
• Принтер мен сымсыз маршрутизатордың қосылып тұрғанын және
қуаты бар екенін тексеріңіз. Сымсыз қосқыштың қосылып тұрғанын
датексеріңіз.
• Принтер сымсыз желінің ауқымында екенін тексеріңіз. Көптеген
желілер үшін принтер сымсыз кіру нүктесінің (сымсыз маршрутизатор)
30 м (100 фут) ауқымында болуы тиіс.
• Компьютерде баспа драйвері орнатылғанын тексеріңіз.
• Компьютер мен принтердің бірдей сымсыз желіге қосылғанын
тексеріңіз.
• Mac үшін сымсыз маршрутизатордың Bonjour желісін
қолдайтындығын тексеріңіз.
• Сымсыз маршрутизаторды қайта қосыңыз.
Факсақауларынжою(текfdnжәнеfdwүлгілері)
Жалғанғанынтексеру
• Телефон сымының принтердің артындағы факс
портына және
розеткаға жалғанғанын тексеріңіз.
• Қосымша телефон немесе басқа қосымша құрылғы үшін телефон
сымының принтер артындағы телефон
портына және құрылғыға
жалғанғанын тексеріңіз.
• Теру үні анықталмағандықтан немесе желі бос емес болғандықтан
телефоннан қоңырау шала алмасаңыз, басқа телефон желісіне
жалғаңыз.
• Fax over IP қызметі үшін факсжылдамдығын азайтып принтердің
басқару тақтасындағы FaxSettings (Факс параметрлері) мәзірінен
Error CorrectionMode (Қателерді түзету режимі) опциясын
ажыратыңыз.
Принтердіңфакспараметрлерінтексеру
• Телефон компаниясынан немесе қызмет провайдерінен дауысты
пошта қызметін пайдалансаңыз, принтердің RingstoAnswer (Жауап
беруге арналған қоңырау үндері) параметрі үшін автожауапбергішке
қарағанда азырақ қоңырау үні орнатылғанын тексеріңіз.
• Егер бірнеше телефон нөмірлері үшін бірдей телефон желісі
тағайындалып, желі бірнеше құрылғылар үшін ортақ болса, принтер
үшін дұрыс ерекше қоңырау үні параметрі орнатылғанын тексеріңіз.
Принтердің факстарға жауап беру және басқа қоңырау үні түрлерін
елемейтін параметрді пайдаланыңыз.
• Факс жылдамдығы параметрін Орташа(V.17) немесе Баяу(V.29)
күйіне реттеу факс жіберу мүмкіндігін жетілдіреді.
Marlin_GSG_EAC_C5F98-90013.indd 5 1/25/2016 11:11:54 PM