HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
3. Телефон кабелін принтердегі факс портына және қабырғадағы телефон ұясына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір елдерде/аймақтарда принтермен бірге берілген телефон кабеліне адаптер қажет
болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір принтерлерде факс порты телефон портының үстінде болуы мүмкін. Принтердегі
белгішелерді қараңыз.
4. Авто жауап бергіштің телефон кабелін принтер артындағы телефон желісінің шығыс портына
жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Авто жауап бергішті тікелей принтерге жалғаңыз, әйтпесе авто жауап бергіш жіберіліп
жатқан факстың факс үндерін жазуы және өнім факстерді қабылдамауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: егер автожауапбергіште кірістірілген телефон болмаса, ыңғайлы болуы үшін телефонды
автожауапбергіштегі OUT (ШЫҒЫС) портына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір принтерлерде факс порты телефон портының үстінде болуы мүмкін. Принтердегі
белгішелерді қараңыз.
5. Принтердегі жауап беретін қоңыраулар параметрін реттеңіз.
а. Принтерді қосыңыз.
ә.
Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Setup (Параметрлерді орнату) түймесін
түртіңіз.
б. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
в. Basic Setup (Негізгі параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
88 7-тарау Факс KKWW