HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
1. Start (Бастау) мәзірінде Programs (Бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
2. HP түймесін, принтер атауын, одан кейін HP Fax Setup Wizard (HP факс параметрлерін орнату шебері)
құралын басыңыз.
3. Факс параметрлерін реттеу үшін HP Fax Setup Wizard (HP факс параметрлерін орнату шебері) бетінде
көрсетілген экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. 4-қадам: факс сынағын орындау (91-бет) бөліміне өтіңіз.
Принтердің басқару тақтасы
Басқару тақтасын күнді, уақытты және тақырыпты орнату мақсатында пайдалану үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз.
1.
Негізгі экрандағы Setup (Орнату) түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
3. Basic Setup (Негізгі параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
4. Time/Date (Екі жақты) түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
5. 12-hour clock (12 сағаттық) немесе 24-hour clock (24 сағаттық) параметрін таңдаңыз.
6. Пернетақтаны пайдаланып ағымдағы уақытты енгізіп, OK түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Қажет болса, арнайы таңбаларды қамтитын пернетақтаны ашу үшін 123 түймешігін
түртіңіз.
7. Күн пішімін таңдаңыз.
8. Пернетақтаны пайдаланып ағымдағы күнді енгізіп, OK түймесін түртіңіз.
9. Fax Header (Факс тақырыбы) мәзірін түртіңіз.
10. Пернетақтаны пайдаланып факс нөмірін енгізіңіз де, OK түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: факс нөміріндегі таңбалар саны ең көбі 20 болады.
11. Пернетеқтаны пайдаланып компания атауын немесе тақырыпты енгізіңіз де, OK түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: факс тақырыбындағы таңбалар саны ең көбі 25 болады.
12. 4-қадам: факс сынағын орындау (91-бет) бөліміне өтіңіз.
HP ендірілген веб-сервері (EWS) және HP құрылғысының құралдар жинағы (Windows)
1. HP EWS серверін Бастау мәзірінен немесе веб-браузерден іске қосыңыз.
Start (Бастау) мәзірі
а. Start (Бастау) түймешігін басып, Programs (Бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
ә. HP принтерлер тобын басып, HP Device Toolbox (HP құрылғысының құралдар жинағы) элементін
таңдаңыз.
90 7-тарау Факс KKWW