HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
HP веб қызметтері қолданбаларын пайдалану
HP Web Services қолданбаларында интернеттен принтерге автоматты түрде жүктеп алынатын пайдалы
контент бар. Әр түрлі қолданбалардан, оның ішінде жаңалықтардан, күнтізбелерден, үлгілер мен бұлт
негізіндегі құжат сақтау құралынан таңдаңыз.
Бұл қолданбаларды іске қосу және жүктелгендерді жоспарлау үшін HP Connected веб-сайтына
www.hpconnected.com мекенжайынан өтіңіз
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін принтер сымды немесе сымсыз желіге қосылған және
интернетке кіру мүмкіндігі болуы керек. Принтерде HP Web Services қосулы болуы керек.
Enable Web Services (Веб-қызметтерді қосу)
Бұл процесс HP веб-қызметтері мен Apps (Қолданбалар) түймешігінің екеуін де қосады.
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранынан Setup (Параметрлерді орнату) мәзірі көрсетілгенше
сипаңыз. Мәзірді ашу үшін Setup (Параметрлерді орнату) белгішесін түртіңіз.
2. HP Web Services (HP веб-қызметтері) түймесін түртіңіз.
3. Enable Web Services (Веб-қызметтерді қосу) түймесін түртіңіз.
4. HP Web Services пайдалану шарттарын басып шығару үшін Print (Басып шығару) түймесін түртіңіз.
5. Процедураны аяқтау үшін OK түймесін түртіңіз.
HP Connected веб-сайтынан бір қолданбаны жүктеп алғаннан кейін, оны принтердің басқару тақтасындағы
Apps (Қолданбалар) мәзірінен таңдап қолдануға болады.
98 8-тарау Принтерді басқару KKWW