HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
HP ендірілген веб-сервері (EWS) және HP Device Toolbox
(Windows) көмегімен қосымша реттеу
Ендірілген веб-серверді басып шығару функцияларын принтердің басқару тақтасынан емес, өзіңіздің
компьютерден басқару үшін пайдаланыңыз.
●
Принтер күйі туралы ақпаратты көру
●
Барлық жабдықтардың қалған қолдану мерзімдерін анықтап, жаңаларына тапсырыс беріңіз
●
Науа конфигурацияларын қараңыз және өзгертіңіз
●
Принтердің басқару тақтасының мәзір конфигурациясын қараңыз және өзгертіңіз
●
Ішкі беттерді көріңіз және басып шығарыңыз
●
Принтер мен жабдықтар материалдарына байланысты оқиғалар жөнінде ескертпе алыңыз
●
Желі конфигурациясын көру және өзгерту
HP ендірілген веб-сервері принтер IP негізделген желіге қосылғанда жұмыс істейді. HP ендірілген веб-
сервері IPX негізделген принтер байланыстарын қолдамайды. HP ендірілген веб-серверін ашу және
пайдалану үшін интернеттің болуы шарт емес.
Принтер желіге қосылғанда, HP ендірілген веб-сервері автоматты түрде қолжетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP Device Toolbox — принтер компьютерге USB арқылы қосылған кезде HP ендірілген веб-
серверіне қосылу үшін пайдаланылатын бағдарламалық құрал. Принтер компьютерге орнатылған кезде
толығымен орнатылса ғана қолжетімді болады. Принтердің жалғану әдісіне байланысты кейбір
мүмкіндіктер қолжетімді болмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: HP ендірілген веб-серверіне желілік брандмауэрдан тыс қол жеткізу мүмкін емес.
Бірінші әдіс: «Бастау» мәзірінен HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашу
1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Программы (Бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
2. HP принтерлер тобын басып, HP Device Toolbox (HP құралдар жинағы) элементін таңдаңыз.
Екінші әдіс: Веб-браузерден HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашу
1.
Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Байланыс ақпараты түймесін түртіп,
IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Network Connected (Желіге қосылған) түймесін
немесе Network Wi-Fi ON (Wi-Fi желісін қосу) түймесін түртіңіз.
100 8-тарау Принтерді басқару KKWW