HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide

2. Веб-браузерді ашып, мекенжай жолына IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің басқару
тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: EWS серверін ашқан кезде веб-шолғыш There is a problem with this website’s security
certicateұл веб-сайттың қауіпсіздік сертификатында қате бар) хабары пайда болса, Continue to this
website (not recommended) (Осы веб-сайтқа өту) (ұсынылмайды)) түймешігін басыңыз.
Continue to this website (not recommended)ұл веб-сайтты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды))
опциясын таңдау HP принтері үшін EWS қызметінде шарлау барысында компьютерге зиян
келтірмейді.
Қойынды немесе бөлім Сипаттама
Негізгі қойындысы
Принтер, мәртебе және
конфигурация жөніндегі ақпаратпен
қамтамасыз етеді.
Құрылғы күйі: принтердің күйін көрсетеді және HP жабдықтарының күтілген қалған
қызмет мерзімін көрсетеді.
Жабдықтар күйі: HP жабдықтарының қалған күтілген жұмыс мерзімін көрсетеді.
Картридждің қалған нақты жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы
нашарлағанда, ауыстырылатын жабдықты дайындап қойған дұрыс. Баспа сапасы
жарамсыз болып кетпесе, жабдықты ауыстырудың қажеті жоқ.
Құрылғы конфигурациясы: принтердің конфигурация бетінде табылған ақпаратты
көрсетеді.
Желілік аңдатпа: принтердің желілік конфигурация бетінде табылған ақпаратты
көрсетеді.
Есептер: принтер шығаратын конфигурация және жабдық күйі беттерін басып
шығарады.
Job Storage Logұмыс сақтау журналы): принтердің жадына сақталған барлық
тапсырмалардың жиынтығын көрсетеді.
Түстерді пайдалану журналы: принтер шығарған түрлі түсті тапсырмалардың
жиынтығын көрсетеді.
үрлі түсті принтерлерге ғана арналған)
Event log (Оқиғаларды тіркеу журналы): принтердің барлық оқиғалары мен
қателіктерінің тізімін көрсетеді.
KKWW HP ендірілген веб-сервері (EWS) және HP Device Toolbox (Windows) көмегімен қосымша реттеу 101