HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide

OS X жүйесіне арналған HP қызметтік бағдарламасының
көмегімен қосымша реттеу
Принтер күйін тексеру немесе компьютерден принтердің параметрлерін көру не болмаса өзгерту үшін
HP утилитасын пайдаланыңыз.
Принтер USB кабелімен жалғанғанда немесе TCP/IP негізінде істейтін желіге жалғанғанда, HP утилитасын
пайдалануға болады.
HP утилитасын ашыңыз
1. Компьютерде System Preferencesүйе теңшелімдері) мәзірін ашып, Print & Fax (Басып шығару және
факс), Print & Scan (Басып шығару және сканерлеу) немесе Printers & Scanners (Принтерлер және
сканерлер) тармағын басыңыз.
2. Тізімнен принтерді таңдаңыз.
3. Options & Supplies (Опциялар мен жабдықтар) түймешігін басыңыз.
4. Utility (Утилита) қойындысын басыңыз.
5. Open Printer Utility (Принтер утилитасын ашу) түймешігін басыңыз.
HP утилитасының функциялары
HP қызметтік бағдарламасының құралдар тақтасында мыналар бар:
Құрылғылар: HP қызметтік бағдарламасы тапқан Mac өнімдерін көрсету немесе жасыру үшін осы
түймені басыңыз.
Барлық параметрлер: HP қызметтік бағдарламасының негізгі көрінісіне оралу үшін осы түймені
басыңыз.
HP қолдауы: Шолғышты ашу және HP қолдау веб-торабына өту үшін осы түймені басыңыз.
Жабдықтар: HP SureSupply веб-торабын ашу үшін осы түймені басыңыз.
Тіркеу: HP тіркеу веб-торабын ашу үшін осы түймені басыңыз.
Өңдеу: HP Planet Partners өңдеу бағдарламасының веб-торабын ашу үшін осы түймені басыңыз.
HP қызметтік бағдарламасы All Settingsарлық параметрлер) тізімін басу арқылы ашылатын беттерден
тұрады. Келесі кестеде НР қызметтік бағдарламасының көмегімен орындауға болатын тапсырмалар
сипатталады.
Нөмірі Сипаттама
Жабдықтар күйі Принтер жабдықтарының күйін көрсетіп, жабдықтарға желіде тапсырыс беру
сілтемелерін қамтамасыз етеді.
Құрылғы туралы ақпарат Қазіргі уақытта таңдалған принтер туралы ақпаратты, соның ішінде, принтердің
қызметтік идентификаторын (тағайындалған болса), микробағдарлама нұсқасын (FW
нұсқасы), сериялық нөмірін және IP мекенжайын көрсетеді.
Пәрмендер Баспа тапсырмасынан кейін принтерге арнайы таңбаларды немесе баспа
командаларын жіберіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл параметр тек View (Көрініс) мәзірін ашып, Show Advanced Options
еңейтілген параметрлерді көрсету) элементін таңдағаннан кейін қолжетімді болады.
104 8-тарау Принтерді басқару KKWW