HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide

Байланыс жылдамдығы және дуплекстеу параметрлері
ЕСКЕРТПЕ: Бұл ақпарат тек Ethernet желілеріне ғана қатысты. Оның сымсыз желілерге қатысы жоқ.
Баспа серверінің сілтеме жылдамдығы мен байланыс режимі желі хабына сәйкес болуы тиіс. Көп
жағдайларда принтерді автоматты режимде қалдырыңыз. Байланыс жылдамдығы және дуплекстеу
параметрлерін дұрыс өзгертпеу принтердің басқа желілік құрылғылармен байланысына кедергі жасауы
мүмкін. Өзгерістер енгізу үшін принтердің басқару тақтасын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтердің параметрі желілік құрылғының (желілік хаб, қосқыш, шлюз, маршрутизатор
немесе компьютер) параметріне сәйкес келуі керек.
ЕСКЕРТПЕ: Осы параметрлерге өзгерістер енгізу принтердің өшіп, қайта қосылуына әкеледі. Өзгерістерді
принтер бос тұрғанда ғана енгізіңіз.
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранынан Setup (Параметрлерді орнату) мәзірі көрсетілгенше
сипаңыз
. Мәзірді ашу үшін Setup (Параметрлерді орнату) белгішесін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Network Setup (Желіні орнату)
Байланыс жылдамдығы
3. Келесі берілген опциялардың бірін таңдаңыз:
Автоматты: баспа сервері өзін автоматты түрде желіде рұқсат етілген ең жоғарғы сілтеме
жылдамдығы және байланыс режиміне орнатып реттейді.
10T Full (10Т толық): 10 мегабайт/секунд (МБ/сек), толық дуплексті жұмыс
10T Half (10Т жарты): 10 MБ/сек, жартылай дуплексті жұмыс
100TX Full (100ТХ толық): 100 Mб/сек, толық дуплексті жұмыс
100TX Half (100ТХ жарты): 100 Mб/сек, жартылай дуплексті жұмыс
1000T Full (1000Т толық): 1000 Mбит/сек, толық дуплексті жұмыс
4. Save (Сақтау) түймесін түртіңіз немесе OK түймесін басыңыз. Принтер өшіп, қайта қосылады.
KKWW IP желі параметрлерін реттеу 109