HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
Кептелген қағаздарды шығару
Кіріспе
Келесі ақпаратта принтердегі қағаз кептелістерін жоюға қатысты нұсқаулар бар.
●
Қағаз кептелістері жиі немесе қайта-қайта орын ала бере ме?
●
Кептелу орындары
●
Құжат бергіштегі кептелген қағаздарды алу
●
1-науадағы кептелген қағаздарды тазалау
●
2-науадағы кептелген қағаздарды шығару
●
3-науадағы кептелген қағаздарды тазалау
●
Термобекіткіштегі кептелген қағаздарды тазалау
●
Шығыс қалтасындағы кептелген қағаздарды тазалау
●
Дуплекстегіштегі кептелген қағаздарды тазалау
Қағаз кептелістері жиі немесе қайта-қайта орын ала бере ме?
Жиі қағаз кептелістері мәселелерін шешу үшін мына қадамдарды орындаңыз. Егер бірінші қадам мәселені
шешпесе, мәселе шешілгенше келесі қадамды жалғастырыңыз.
1. Егер өнімде қағаз кептелсе, кептелісті кетіріп, өнімді тексеру үшін конфигурация бетін басып
шығарыңыз.
2. Өнімнің басқару тақтасында өнімнің дұрыс қағаз өлшемі мен түріне реттелгенін тексеріңіз. Қажет
болса, қағаз параметрлерін реттеңіз.
а. Өнімнің басқару тақтасының негізгі экранынан Setup (Параметрлерді орнату) мәзірі
көрсетілгенше сипаңыз. Мәзірді ашу үшін Setup (Параметрлерді орнату) белгішесін түртіңіз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
●
System Setup (Жүйе параметрі)
●
Paper Setup (Қағаз параметрі)
б. Тізімнен науаны таңдаңыз.
в. Paper Type (Қағаз түрі) параметрін, одан кейін науадағы қағаз түрінің атауын таңдаңыз.
г. Paper Size (Қағаз өлшемі) параметрін, одан кейін науадағы қағаз өлшемінің атауын таңдаңыз.
3. Құрылғыны өшіріп, 30 секунд күтіңіз де, қайта қосыңыз.
4. Өнім ішінен артық тонерді кетіру үшін тазалау бетін басып шығарыңыз.
а. Өнімнің басқару тақтасының негізгі экранынан Setup (Параметрлерді орнату) мәзірі
көрсетілгенше сипаңыз
. Мәзірді ашу үшін Setup (Параметрлерді орнату) белгішесін түртіңіз.
ә. Service (Қызмет) мәзірін басыңыз.
KKWW Кептелген қағаздарды шығару 131