HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide

Тазалағыш бетті басып шығару үшін төмендегі іс рәсімін пайдаланыңыз.
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранынан Setup (Параметрлерді орнату) мәзірі көрсетілгенше
сипаңыз. Мәзірді ашу үшін Setup (Параметрлерді орнату) белгішесін түртіңіз.
2. Қызмет мәзірін түртіңіз.
3. Cleaning Page азалау беті) түймесін басыңыз.
4. Сізге сұрау салғанда, хат немесе A4 пішімді қағазын салыңыз.
Процесс аяқталғанша күтіңіз. Басып шығарылатын бетті тастаңыз.
Сканер әйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру
Уақыт өте сканер әйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына әсер етуі мүмкін. Сканерді
тазалау үшін келесі іс рәсімін пайдаланыңыз.
1. Принтерді өшіру үшін қуат түймесін басыңыз, одан кейін қуат кабелін электр розеткасынан
ажыратыңыз.
2. Сканердің қақпағын ашыңыз.
3. Сканердің әйнегі мен ақ пластмасса тірегін абразивті емес тазартқыш сұйықтыққа батырылған
жұмсақ шүберекпен немесе губкамен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ: Принтердің кез келген бөлігін тазалау барысында абразивті заттарды, ацетонды, бензинді,
аммиакты көміртек тетрахлоридін пайдаланбаңыз; олар принтерді зақымдауы мүмкін.
Сұйықтықтарды тікелей шыныға немесе үстелге қоймаңыз. Олар астына төгіліп, принтерді зақымдауы
мүмкін.
4. Дақ түсірмес үшін шыныны немесе ақ пластмасса тіректі былғары немесе целлюлоза шүберекпен
құрғатыңыз.
5. Қуат кабелін розеткаға жалғаңыз, содан кейін принтерді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
Тонер картриджін көзбен тексеру
Әр тонер картриджін тексеру үшін мына қадамдарды орындаңыз.
1. Тонер картриджін принтерден шығарыңыз.
2. Жад микросхемасының бұзылмағанын тексеріңіз.
3. Жасып принтер барабанының бетін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Принтер барабанын ұстамаңыз. Принтер барабанындағы саусақ іздері баспа сапасына
кері әсер етеді.
4. Бейнелеу барабанында кез келген сызықтар, саусақ іздері немесе басқа зақымдар байқалса, тонер
картриджін ауыстырыңыз.
5. Тонер картриджін орнына салып, мәселенің шешілгенін көру үшін бірнеше бет басып шығарыңыз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 155