HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide

Қағаз параметрлерін тексеру
1.
Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Copy (Көшіру) белгішесін түртіңіз.
2. Settings (Параметрлер) түймешігін түртіңіз де, Paper (Қағаз) түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
3. Қағаз өлшемдері тізімінде, науадағы қағаз өлшемінің атауын түртіңіз.
4. Қағаз түрлері тізімінде, науадағы қағаз түрінің атауын түртіңіз.
Суретті реттеу параметрлерін тексеру
1.
Негізгі экрандағы Copy (Көшіру) белгішесін түртіңіз.
2. Settings (Параметрлер) түймешігін, одан кейін Image Adjustmentескін реттеу) түймешігіне жылжып,
оны түртіңіз.
3. Реттеу керек параметрді басыңыз.
Lightness (Ашықтық): ашықтық/күңгірттік параметрін реттейді.
Contrastонтраст): кескіннің ең ашық және ең күңгірт аймақтарының арасындағы контрастты
реттейді.
Sharpen (Айқындау): мәтін таңбаларының айқындығын реттейді.
Background Removal (Фонды алу): кескін өңінің күңгірттік деңгейін реттейді. Бұл түрлі түсті
қағаздарда басып шығарылатын түпнұсқа құжаттар үшін өте ыңғайлы.
4. Параметрдің мәнін реттеу үшін немесе + түймесін, одан кейін OK түймесін басыңыз.
5. Басқа параметрді реттеңіз немесе басты көшіру мәзіріне қайту үшін қайту көрсеткісін басыңыз.
Мәтіндер немесе суреттер үшін оңтайландыру
1.
Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Copy (Көшіру) белгішесін түртіңіз.
2. Settings (Параметрлер) түймешігін түртіңіз де, Optimize (Оңтайландыру) түймешігіне жылжып барып,
түртіңіз.
3. Реттелетін параметрді басыңыз.
Auto Select (Автоматты түрде таңдау): көшірменің сапасы маңызды болмаған кезде осы
параметрді пайдаланыңыз. Бұл әдепкі параметр болып табылады.
Mixed (Аралас): бұл параметрді мәтіні мен суреттері араласып келетін құжаттар үшін
пайдаланыңыз.
Text (Мәтін): мәтіні көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
Picture урет): құрамында суреттері көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
Шетпен шетке көшіру
Принтер толықтай шетінен-шетіне дейін басып шығара алмайды. Беттің айналасында 4 мм басып
шығарылмайтын жиек болады.
160 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW