HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
3. Properties (Сипаттар) тілқатысу терезесінде Device Settings (Құрылғы параметрлері) қойындысын
нұқыңыз.
4. Update Now (Қазір жаңарту) тармағын таңдап, OK түймешігін басыңыз. Принтер драйвері
жаңартылады.
Жаңартылған принтер драйверінде Job Storage (Тапсырманы сақтау) қойындысы болады.
Ескі Windows операциялық жүйелерінде «Тапсырмаларды сақтау» мүмкіндігіне кіріңіз
Windows XP немесе Vista сияқты ескі Windows операциялық жүйелерінде «Тапсырмаларды сақтау»
мүмкіндігіне кіру үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау түймесін басып, Басқару панелі тармағын басыңыз.
2. Принтерлер мен факстар тармағын таңдап, HP принтерінің атауын тінтуірдің оң жағымен басып,
Сипаттар параметрін таңдаңыз.
3. Құрылғы параметрлері жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Орнатылатын опциялар бөлімінің астында Автоматты конфигурациялау параметрінің күйін Өшіру
күйінен Қазір жаңарту күйіне өзгертіп, OK түймесін басыңыз. Принтерді тексеру әрекеті аяқталғанша
күтіңіз.
Сақталған тапсырма жасау (Windows)
Жеке немесе кідіріспен басып шығару үшін тапсырмаларды принтерге сақтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Баспа драйвері мұнда көрсетілгеннен басқаша болуы мүмкін, бірақ орындау қадамдары
бірдей.
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерлер тізімінен принтерді таңдап алып, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер)
(атауы әр түрлі бағдарламаларда әр түрлі болады) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы мүмкіндіктерге Windows 8 не 8.1 нұсқасының «Бастау» экранынан кіру үшін
Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, одан кейін принтерді таңдаңыз.
46 4-тарау Басып шығару KKWW