HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
●
Use Job Name + (1-99) (Тапсырма атын + (1-99) пайдалану): тапсырма атының соңына бірегей
сан қосыңыз.
●
Replace Existing File (Бар файлды алмастыру): бар сақтаулы тапсырманы жаңасымен
алмастырыңыз.
6. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін түртіңіз.
Сақталған тапсырманы басып шығару
Өнімнің жадында сақталған тапсырманы басып шығару үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Өнімнің басқару тақтасының негізгі экранынан Jobs (Тапсырмалар) мәзірі көрсетілгенше сипаңыз. Jobs
(Тапсырмалар) түймесін түртіңіз де, мәзірді ашыңыз.
2. Job Folders (Тапсырма қалталары) тізімінен пайдаланушы атын таңдаңыз. Сол пайдаланушы атымен
сақталған тапсырмалар тізімі көрсетіледі.
3. Тапсырманың атауын таңдаңыз. Егер тапсырма жеке немесе шифрланған болса,PIN кодын немесе
құпия сөзді енгізіңіз.
4. Көшірмелер санын реттеу үшін Copies (Көшірмелер) опциясын түртіп, көшірмелер санын енгізіңіз де,
OK опциясын түртіңіз.
5. Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) опциясын түртіңіз.
Сақталған тапсырманы жою
Сақталған тапсырманы принтердің жадына жібергенде, принтер сондай пайдаланушы аты және тапсырма
атауы бар бұрынғы кез келген тапсырмалардың үстіне жазады. Егер принтердің жады толса, принтердің
басқару тақтасы No more memory (Басқа орын жоқ) деген хабарды көрсетеді және қосымша басып
шығару тапсырмаларын сақтамастан бұрын, бұрынғы сақталған тапсырмалар жойылуы керек.
Принтердің жадында сақталған тапсырманы жою үшін осы процедураны пайдаланыңыз.
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранынан Jobs (Тапсырмалар) мәзірі көрсетілгенше сипаңыз.
Jobs (Тапсырмалар) түймесін түртіңіз де, мәзірді ашыңыз.
2. Job Folders (Тапсырма қалталары) тізімінен пайдаланушы атын таңдаңыз. Сол пайдаланушы атымен
сақталған тапсырмалар тізімі көрсетіледі.
3. Тапсырманың атауын таңдаңыз. Егер тапсырма жеке немесе шифрланған болса, PIN кодын немесе
құпия сөзді енгізіңіз.
4. Тапсырманы жою үшін Delete (Жою) опциясын таңдаңыз, одан кейін OK түймесін таңдаңыз.
48 4-тарау Басып шығару KKWW