HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide

Мобильді басып шығару
Кіріспе
HP компаниясы ноутбуктан, планшеттен, смартфоннан немесе басқа мобильді құрылғыдан HP принтері
арқылы оңай басып шығаруға мүмкіндік беретін мобильді және электрондық басып шығару (ePrint)
шешімдерін ұсынады. Толық тізімді көру және ең жақсы таңдауды анықтау үшін www.hp.com/go/
LaserJetMobilePrinting сайтына өтіңіз.
Wi-Fi Direct және NFC басып шығару (тек сымсыз үлгілер)
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
HP ePrint бағдарламалық құралы
AirPrint
Android ендірілген басып шығаруы
Wi-Fi Direct және NFC басып шығару (тек сымсыз үлгілер)
Wi-Fi Direct және NFC (Жақын маңдағы байланыс) арқылы басып шығаруға болатын Wi-Fi (мобильді)
мүмкіндігі бар құрылғыларға принтермен сымсыз маршрутизаторды пайдаланбай, сымсыз желімен тікелей
байланысуға мүмкіндік береді.
Wi-Fi Direct және NFC мүмкіндіктері желіге немесе интернетке қосылмай, сымсыз мобильді құрылғыдан
басып шығаруға мүмкіндік береді. NFC мүмкіндіктері құрылғы мен құрылғыны тигізу арқылы мобильді
құрылғыларға бірге-бір басып шығару байланысын береді.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық мобильді операциялық жүйелер қазір Wi-Fi Direct және NFC байланыс үлгілерінде
қолданылмайды.
Мына құрылғылардан сымсыз басып шығару үшін Wi-Fi Direct мүмкіндігін пайдаланыңыз:
Android ендірілген басып шығару шешімімен үйлесетін Android мобильді құрылғылары
Wi-Fi Direct арқылы басып шығару мүмкіндігі туралы қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/go/
wirelessprinting веб-сайтына өтіңіз.
NFC және Wi-Fi Direct мүмкіндіктерін принтердің басқару тақтасынан қосуға немесе өшіруге болады.
Wi-Fi Direct мүмкіндігін қосу немесе ажырату
Wi-Fi Direct мүмкіндіктері алдымен принтердің басқару тақтасынан қосылуы керек.
1.
Принтердің басқару тақтасының негізгі экранынан Байланыс туралы ақпарат түймесін
таңдаңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Wi-Fi Direct
Settings (Параметрлер)
Қосулы/өшірулі
3. On (Қосу) мәзір элементін түртіңіз. O (Өшіру) түймесі Wi-Fi Direct басып шығаруын өшіреді.
KKWW Мобильді басып шығару 49