HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: Бір принтердің бірнеше моделі орнатылған орталарда Wi-Fi Direct арқылы басып шығаруға
арналған принтерді анықтауды жеңілдету үшін әр принтерге бірегей Wi-Fi Direct кодын беру пайдалы
болуы мүмкін. Сонымен бірге, принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Байланыс туралы
ақпарат белгішесін басып, Wi-Fi Direct белгішесін түрту арқылы Wi-Fi Direct атауын көрсетуге
болады.
Мына процедураны орындап, принтердің Wi-Fi Direct атауын HP ендірілген веб-сервері (EWS) арқылы
өзгертіңіз:
Бірінші қадам: НР ендірілген веб-серверін ашу
1.
Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Байланыс ақпараты түймесін таңдап,
IP
мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Network Connected (Желіге қосылған) түймесін
немесе
Network Wi-Fi ON (Wi-Fi желісін қосу) түймесін түртіңіз.
2. Веб-браузерді ашып, мекенжай жолына IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің басқару
тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
EWS қызметін ашқан кезде веб-браузер There is a problem with this website’s security certicate (Бұл
веб-сайттың қауіпсіздік сертификатына қатысты бір мәселе бар) хабарламасын көрсетсе, Continue to
this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды)) опциясын
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды жалғастыру
(ұсынылмайды)) опциясын таңдау HP принтері үшін EWS қызметінде шарлау барысында компьютерге
зиян келтірмейді.
Екінші қадам: Wi-Fi Direct атауын өзгерту
1. Networking (Желіге қосылу) қойындысын таңдаңыз.
2. Сол жақ шарлау аймағындағы Wi-Fi Direct Setup (Wi-Fi Direct орнату) сілтемесін басыңыз.
3. Wi-Fi Direct Name (Wi-Fi Direct атауы) жолағына жаңа атау енгізіңіз.
4. Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
Құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолданатын құрылғыдан электрондық хабардың
тіркемесі ретінде принтердің электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы басып шығару үшін
HP ePrint құралын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті қолдану үшін принтердің микробағдарламасын жаңарту қажет болуы мүмкін.
HP ePrint функциясын қолдану үшін принтер мына талаптарға сай болуы керек:
●
Принтер сымды немесе сымсыз желіге қосылған және интернетке кіру мүмкіндігі болуы керек.
●
Принтерде HP Web Services қосылып тұруы және принтер HP Connected қызметіне тіркелген болуы
керек.
50 4-тарау Басып шығару KKWW