HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide

AirPrint
Apple AirPrint арқылы iOS 4.2 не одан кейінгі нұсқасы үшін және OS X 10.7 Lion және одан кейінгі нұсқалары
іске қосылған Mac компьютерлерінен тікелей басып шығарылады. iPad, iPhone (3GS немесе одан кейінгі)
немесе сенсорлы iPod (үшінші буыны немесе одан кейінгі) құрылғысында келесі мобильді қолданбалардан
принтерге тікелей басып шығару үшін AirPrint функциясын қолданыңыз:
Mail (Пошта)
Фотосуреттер
Safari
iBooks
Таңдаулы үшінші тарап қолданбалары
AirPrint функциясын қолдану үшін принтер Apple құрылғысы сияқты бірдей желіге (қосымша желі)
қосылған болуы керек. AirPrint функциясын қолдану және AirPrint функциясымен үйлесімді HP принтерлері
туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.hp.com/go/LaserJetMobilePrinting сайтына кіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: AirPrint функциясын USB байланысымен пайдаланбай тұрып, нұсқа нөмірін тексеріңіз. AirPrint
1.3 және одан бұрынғы нұсқалары USB байланыстарын қолдамайды.
Android ендірілген басып шығаруы
Android және Kindle жүйелеріне арналған HP бекітілген басып шығару шешімі Wi-Fi Direct басып шығару
үшін мобильді құрылғыларға желідегі немесе сымсыз байланыс ауқымындағы HP принтерлерін автоматты
түрде тауып, солар арқылы басып шығаруға мүмкіндік береді.
Принтер Android құрылғысы сияқты бірдей желіге (қосымша желі) қосылған болуы керек.
Басып шығару шешімі қолдау көрсетілетін операциялық жүйелерге кіреді, сондықтан драйверлерді
орнату немесе бағдарламалық құралды жүктеу қажет емес.
Android жүйесіне ендірілген баспаны пайдалану жолы мен қолдау көрсетілетін Android құрылғыларының
түрлері туралы қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/go/LaserJetMobilePrinting мекенжайына өтіңіз.
52 4-тарау Басып шығару KKWW